Жаңалық - Аймақ жаңалықтары
новость от 15.05.2023
Жамбыл облысындағы Әбілқайыр кентінің тұрғындары 30 жылдан бері жалғыз құдықтан су ішеді. Айтуынша, кішкентай бұлақтан су мен жабайы аңдар да, мал да, адамдар да ішеді. Проблеманың ұзақ уақыт шешілмеуінен ауыл тұрғындары да азайып барады. 52 отбасыдан қазір 30 қалған. Биліктің су тартып береміз дегенінен шаршадық деп отыр.
Тұрғындар шалғайдағы елді мекендердің билік назарынан тыс қалатынына ашулы. Ал, аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, осы уақыт ішінде олар есеп айырысумен, бюджетке өтінім берумен айналысқанын айтып ақталумен әлек. "Смета дайындалды, бюджеттік өтінім берілді. Егер 56 млн теңге бөлінсе, мәселе шешіледі. Ауданда халқының саны 200-ден аз алты елді мекен бар, биыл барлығына су беруді жоспарлап отырмыз", - дейді Тұрар Рысқұлов атындағы аудан әкімдігінің бөлім басшысы Қаблет Әбдірахманов.
Жалпы, облыстың 387 елді мекенінің 85-інде ауыз су жоқ.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
42.6%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.2%
Жолым түскенде төлеймін
18.7%
Төлемегеніме көп уақыт болды
18.0%
барлық дауыс: 4659
дауыс мұрағаты