русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 13.11.2023

Қоғам қайраткері, эколог Тимур Елеусізов Tengrinews.kz тілшісіне экологиялық проблемалар туралы сұқбатында осылай деді.

Оның айтуынша, тек Қазақстанның ғана емес, Орталық Азия елдерінің алдында тұрған басты мәселе - су тапшылығы. "Бұл мәселенің шешімі әлі жоқ. Оған мұздықтардың еруі де әсерін тигізіп отыр. Іле Алатауын алайық: кей мәліметтерге сүйенсек, мұздықтардың  шамамен 40-50 пайызы еріген, теңізден пайда болған көлдер көп. Жақында мұздықтарға барып та көрдім. Бұрын мұздықтарда орташа температура -13-14 градус болатын, ал биылғы жылы кей күндері +26 градусқа жетті". Мұндай температурада мұздықтардың еруі де жылдамырақ болады. Оңтүстік Қазақстан, Алматы өңірі Сырдария, Амудария, Талас, Шу өзендеріне тәуелді. Бұл өзендердің бастауы көрші елдердің аумағында. Ауғанстан, Өзбекстан, Қырғызстандағы сарапшылардың болжауынша, өзендер таязданып кеткен. Қазір Ауғанстан Амудариядан су тартатын Қоштеп арнасын салып жатыр, Бұл Өзбекстан мен Қазақстанда бұрынғыдан бектер су тапшылығын тудырады. Қырғызстандағы мұздықтардың еруінен Қазақстанға су жіберу азая бермек. Бұл факт", - дейді Тимур Елеусізов.

Қорыта келгенде, су тапшылығының зардабы ауыр болатыны анық,- дейді спикер. Суды белсенді пайдаланатын өнеркәсіп, кәсіпорындар да жағдайды ушықтыра түсуде.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары