русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Пайдалы кеңестер

новость от 17.03.2026

Сантехниканы үнемі тексеріп отырыңыз: крандарды, құбырларды және дәретхананың резервуарын тексеріңіз.

 Тіпті аздап су тамшылап тұру күніне ондаған литр судың жоғалуына әкелуі мүмкін.

Егер су кетіп жатқанын байқасаңыз-дереу жөндеңіз.

Суды үнемдеп пайдаланыңыз: тістеріңізді тазалағанда немесе ыдыс-аяқты сабындағанда кранды жауып қойыңыз. Ваннаның орнына душ қабылдаңыз-су шығыны шамамен 3-4 есе азаяды.

Техниканы тек толық жүктеме кезінде іске қосыңыз: кір жуғыш машина мен ыдыс жуғыш машинаны толық  толған  кезінде ғана қосқан дұрыс. Бұл су мен электр энергиясын тұтынуды азайтады.

Кәрізді бітеп тастамаңыз!

Мына заттарды раковина мен дәретханаға тастауға болмайды: майлы қалдықтарды, құрылыс қоспаларын, майлықтар мен мақта тампондарын және дәрілер мен химиялық заттарды.

 Апаттық жағдайды хабарлаңыз :

 Егер сіз құбырдың жарылғанын, сыртқа ағып жатқанын  немесе  ашық люкті байқасаңыз, су құбырының жедел  қызметіне хабарлаңыз бұл мәселені тезірек шешуге көмектеседі.  Қызықты факт: аздап тамшылап тұрған кран арқылы күніне 24 литрге дейін су жоғалуы мүмкін.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары