русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 06.10.2026

Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (ҚазСШҒЗИ) ғалымдары құбырсыз су көтеру технологиясын әзірледі. Қазіргі уақытта жоба өндірістік сынақтан өткізіліп, пайдаланылу кезеңінде. 
Былтыр ҚазСШҒЗИ әзірлемесі Түркістан филиалының «Қазсушар» РМК-ға қарасты Мақтаарал ауданындағы су алу ұңғымаларында далалық сынақтан өтті. Сынақ қорытындысы бойынша техникалық және экономикалық тұрғыдан оң нәтижелер алынды. 
Атап айтқанда, ұңғымаларды пайдалану кезіндегі металл шығыны 85%-ға дейін, электр энергиясына жұмсалатын шығын 30%-ға дейін азайған. Сонымен қатар ұңғымалардың өнімділігі 20-40%-ға артса, сорғы жабдығын монтаждау және демонтаждау кезіндегі еңбек шығыны 70%-ға дейін төмендеген. Осылайша, дәстүрлі су көтеру құбырларынан бас тарту есебінен айтарлықтай экономикалық тиімділікке қол жеткізілген. 
Сондай-ақ электр жүктемесінің төмендеуі сорғы агрегатының қызмет ету мерзімін ұзартуға және жүйенің жалпы энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 
«Қазіргі уақытта Қазақстанда мұндай құрылғылар өндірілмейді әрі қолданылмайды. Ал ыңғайлылығы, сенімділігі және өндіріске енгізуге дайын болуы жағынан олармен салыстыруға келетін бәсекелес немесе балама шешімдер жоқ. Қазір жабдықтың әртүрлі маусымдық жағдайлардағы жұмысына мониторинг жүргізу жалғасып жатыр. Құбырсыз су көтеру технологиясының техникалық-экономикалық және өндірістік тиімділігі бойынша түпкілікті нәтижелер өндірістік сынақтардың толық циклі аяқталғаннан кейін белгілі болады», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев.
«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары