русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 12.10.2026

Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Аризона университеті (ASU) ынтымақтастықтың жол картасын әзірлеп жатыр. Құжат аясында қазақстандық мамандарға арналған бірлескен семинарлар, оқу курстары мен тағылымдамалар ұйымдастыру, еліміздің ерекшеліктерін ескере отырып, гидрологиялық модельдерді әзірлеу және бейімдеу, сондай-ақ климаттың өзгеруі жағдайында су ресурстарын тұрақты басқару саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру көзделген.

Еске салайық, биыл Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Аризона университетінің президенті Суреш Гаримелламен кездесіп, ықтимал ынтымақтастық бағыттарын талқылаған болатын.

«Біз кадрлар даярлау және жұмыс істеп жүрген мамандардың біліктілігін арттыру саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа әрдайым ашықпыз. Мәселен, Тараз қаласындағы Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті Венгрияның жетекші жоғары оқу орындарымен қос дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Ал министрлікке қарасты ұйымдар Қытай, АҚШ және Нидерланд мамандарымен тығыз байланыста жұмыс істейді», - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Аризона университеті Қазақстанда М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің базасында жұмыс істейді. Бұл жоғары оқу орындары бірлескен қос дипломды білім беру бағдарламасын жүзеге асырып, бірқатар ғылыми-зерттеу жобаларын іске асырып келеді.
«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары