Танымал сұрақтар | Су Ресурстары Маркетинг (СРМ)
русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Танымал сұрақтар

Айтып жіберіңізші, орталық кәріз желісіне қалай қосылуға болады? Ол үшін қандай құжаттар жинап, оны қайда тапсыру керек?  

Шымкент қаласының тұрғыны Ирина Савоськина

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не су бұру желілеріне қосылу жолы қандай деген сұрақ жиі түседі. Біз желіге қосылудың ең тиімді, дұрыс жолын түсіндыруге тырысамыз және тұтынушы үшін қажетті алгоритмін түсіндіреміз.

Бірден айта кетейік, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қалада бұрыннан бар желілерді пайдалану және қайта құру, жөндеуге жауап береді. Яғни, кәсіпорын жаңа желіні салумен айналыспайды.

Кәріз желісіне қосылу жөнінде өтініш түссе, "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС қызметкерлері абоненттің тұрғылықты жеріне барып, мән-жайды анықтап, тексереді. Сарапшылар өтініш берушінің желіге қосылу мүмкіндігі бар-жоғын, тұтынушының тұрғылықты жерінің жанында тиісті коллектор бар-жоғын, ол қосымша көлемді қабылдауға қабілетті ме? Егер мүмкіндік болса, абонент келесі талаптарды орындауы керек.

1. Су бұру желісіне қосылуға өтініш береді. Ол үшін "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС орталық кеңсесіне жүгінуі қажет.

2. Жер учаскесінің топографиялық түсірілімін, жер учаскесіне қатысты құжаттардың көшірмелерін және жеке куәліктің көшірмелерін тапсырады.

3. Мекемеден кәріз желісіне қосылуға қорытынды алуы керек.

4. Берілген қорытындыға сәйкес жобаны әзірлеу үшін "техникалық шарттарды" алуы қажет("Су ресурстары-Маркетинг"ЖШС өндірістік-техникалық бөлімі).

5. "Техникалық шартқа" сәйкес ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) дайындайды.

6. Құрылысты ЖСҚ сәйкес жүргізуі керек. Құрылыс-монтаж жұмыстарын осы жұмыс түрлерін жүргізуге лицензиясы бар ұйым ғана істей алады.

Құрылыс жұмыстарынан кейін "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің қоғамдық қабылдау бөлмесіне кәсіпорынның автоматты басқару жүйелерінің дерекқорына(кәріз желісінің болуы) өзгерістер енгізу үшін және тұтынылған қызмет үшін есеп айырысуға қажетті құжаттар пакетін (техникалық шарттар мен кәріз желісіне қосылу туралы актіні) ұсынуы қажет.

Назар аударыңыздар! Жобалау және құрылыс жұмыстары абонент есебінен жүргізіледі.

Жеке секторда көшелерді кәріз желілеріне қосуға қатысты тағы бір маңызды мәселе бар. Шымкенттегі кей көшелерде канализация жүргізілмеген,  тұрғындар желіні жылдап күтуде. Кәсіпорын жаңа желілер салумен айналыспайтынын тағы да ескертеміз. Бұл мәселені шешу үшін тұрғындарға қала әкімдігінің Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасына ұжымдық хат жазу керек.Мамандар жіті қарастырып, егер техникалық шарттарға сәйкес, сол көшелерде "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС балансында тұрған кәріз коллекторына қосылу мүмкіндігі бар болса, тиісті жұмыстар жүргізіледі. Басқа жағдайда жаңа кәріз желісін күтуге тура келеді.

"Су құбыры мен кәрізді басқару" МКК-ның қызмет көрсету аймағында тұратын тұтынушылар (қалаға қосылған жаңа шағынаудандар, елді мекендер) техникалық келісім-шарт түзу үшін Қалдаяқов 13 үй (Әл-Фараби ХҚКО ғимараты) мекенжайына баруы керек.


Сәлеметсіз бе! Су өлшегіш құралын қанша уақытта тексеру керектігін түсіндіріңізші? Бұл мерзімді қалай білуге болады және оны кім тескереді?

Шымкент қаласының тұрғыны Қанат Жүнісов

Су есептегіш құралын қанша уақытта тексеру қажет?

Суды есептеу құралын тексеру уақтының аралық мерзімі оның түріне байланысты, орта есеппен 5 жылды құрайды. Тексеру аралық мерзімі пайдалануға берілген күннен бастап емес, құрал дайындап шығарылған күннен бастап есептеледі. Себебі алғашқы дәлдік тексеру өндірілген зауытта жүргізіледі.

Су есептегіш құралын тексеру қажеттігін кім хабарлап ескертеді?

Су есептегіш құралын тексеру қажеттілігін және ол туралы хабарламаны тұтынушыға өнім берушінің су құбыры шаруашылығы қызметін есепке алу жөніндегі инспекторлары(контролер) тапсырады. Хабарлама-қағазды алғаннан кейін тұтынушы тексеру жүргізуге құқығы бар мамандандырылған, лицензияланған кәсіпорынға жүгінуі керек. Бұл мекеме тұтынушыға тексеруші шебердің қай күні, қай уақытта баратынын және жұмыстың бағасы туралы нақты айтуы тиіс. Тағы бір ескеретін жәйт, тұтынушы "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің Telegram чат-ботына тіркеліп, "есептеу құралдары" айдарына өтсе, су есептегіш құралын тексеру мерзімін өзі-ақ біле алады. Сілтемесі: wrm_bot.

Су есептегіш құралдарын тексеруге және ауыстыруға қай кәсіпорын немесе мекеменің құқығы бар?

Су есептегіш құралдарын тексеруге және ауыстыру қызметіне лицензиясы бар аккредиттелген кәсіпорындар ғана құқылы. Мұндай кәсіпорындарда жоғары дәлдікті беретін, сертификатталған жабдықтар бар және білікті мамандар жұмыс істейді. Осындай кәсіпорындар туралы ақпаратты интернеттен немесе басқа көздер арқылы да біліп, табуға болады.

Су есептегіш құралы тексерілгенін растайтын құжаттар беріле ме, ол қандай құжаттар?

Мамандандырылған кәсіпорынның сынақ зертханасында есептегіш құралдың тексеруден өткені немесе ауыстырылғаны туралы сертификат және төлем жасалғаны туралы түбіртек берілуі керек (фотосы қоса беріледі). Айта өтейік, су есептегіш құралын тексеру немесе ауыстыру туралы деректер өнім берушінің автоматты басқару жүйелерінің биллингтік базасына енгізілуі тиіс.

Егер хабарлама берілгеннен кейін де су есептеу құралын тексертпесе не болады?

Егер тұтынушы «суды есептегіш құралын тексеру керек» деген  хабарламаны елемесе, оны 30 күн ішінде тексертпесе, кәсіпорынның техникалық талаптарының орындалмауына байланысты, ҚР Ұлттық Экономика министрлігі 2019 жылғы 24 маусымда бекіткен үлгілік шарттың 20-шы тармағына сәйкес, «сумен жабдықтау барысында есептегіш құралы болмаған деп есептеледі және коммерциялық есептен автоматты түрде алынып тасталады».

Өнім берушінің суды есепке алу құралын тексеру немесе оны ауыстыру жөніндегі техникалық талаптарының орындалмауына байланысты,  сумен жабдықтау бойынша көрсетілген қызмет ақысы Шымкент қаласы әкімінің 31.07.2023 ж. № 1895 "тұтынушыларға газбен жабдықтау, электрмен, сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі коммуналды қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, коммуналды қызметті тұтыну нормасы бойынша есептеледі. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін суды есептегіш құралы болмаған жағдайда, қызмет көрсету шартының 8-тармағының 6-тармақшасы және ережелердің 30-шы тармағының 3-ші тармақшасындағы талаптарына сәйкес, қызмет көрсету тоқтатылады, бұдан кейін мекеме тұтынушымен келісім-шартты бұзады.


Ауызсу, кәріз жүйесіне қосу бойынша келісімшарт-түзіп, жеке шотты қалай ашуға болады? Заңды жолы қандай?

Қаланың бірқатар жаңа аудандарына, Шымкент аумағына қосылған елдімекендерге орталық су құбыры тартылды. Ендігі кезекте, орталық магистральға қосылған абоненттер суды есепке алу құралын орнатуы тиіс. Тиісті жұмыстарды мердігерлер істейді. Су есептегішті пломбылау үшін тұтынушы осы қызметті ұсынатын лицензиясы бар мамандандырылған ұйымға өтініш жазуы тиіс. Осыдан кейін ғана "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-мен сумен қамту және кәріз қызметі бойынша келісім-шарт түзуге керекті құжаттарды тапсырады.

Шарт түзіп, тұтынылған қызмет бойынша есеп айырысу үшін жеке шот болуы міндетті. Ол үшін тұтынушы келесі құжаттарды тапсырады: жер учаскесінің акті, egov.kz порталынан меншік құқығын растайтын анықтаманың көшірмесі, жеке куәліктің көшірмесі және суды есепке алу аспабының фотосуреті (маркасы және нөмірлік белгісі анық көрінуі керек). Осы құжаттармен тұрғылықты жері бойынша дилерлік учаскеге немесе "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не жүгіну қажет (мекенжайы: Орманов көшесі, 17, қоғамдық қабылдау бөлмесі). Келісім-шарт түзу және жеке шот ашу ұзақ уақыт алмайды.

Егер тұтынушының жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжаты болмаса, сумен қамту және су бұру қызметін ұсыну туралы келісім-шарт жасалмайды!

Назар аударыңыз! Сумен қамту желілеріне "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-мен келісім-шартсыз қосылған жағдайда, абонентке қызмет көрсетілмейді, судан ажыратылады. Және тұтынылған ауыз су көлемін есептеу арнайы әдістеме бойынша жүргізіледі.

Дилерлік учаскелердің мекенжайлары:

Қайнарбұлақ т/а, Қайнарбұлақ саяжай алабы, Асар-2, Нұршуақ, Достық, ш/а. Күншығыс оазисі тұрғындары үшін дилерлік учаске Сырым батыр көшесі, 1174 уч. мекенжайында орналасқан (бағдары: "Высоковольт" аялдамасы, Стоматология ғимараты). Анықтама телефоны: +77078709873.

Ынтымақ-1,2,3, Нұршуақ ша/а тұрғындары қарайтын дилерлік учаске мына мекенжайда орналасқан: Новотурлан кенті, Галицин көшесі, н/ү, анықтама телефоны:+77027704433.

Жаңаталап, Игілік, Қосбұлақ, Тәуелсіздікке 20 жыл, Қызылжар массивтерінің тұрғындары үшін дилерлік учаске мекенжайы: Қалдаяқов көшесі, 9 үй. Анықтама телефоны: +77013001454.

Құрсай, 156 және 283 орамдар, Жаңақұрылыс (Қарабастау), Ақтас және Ақжар шағынаудан тұрғындары Забадам кенті, б.Саттарханов көшесі, н/ү мекенжайындағы дилерлік учаскеге қарайды (су қабылдағыш). Анықтама телефоны: +77058474947.


Қандай жағдайларда абоненттерге су беру тоқтатылады? Бұл - тұтынушылар жиі қоятын өзекті сұрақтардың бірі.

Сумен жабдықтау қызметін ұсынуға арналған үлгі шарттың 3-тарауының №8-тармағына сәйкес, су беру келесі жағдайларда тоқтатылады:
1) авариялық жағдайларда немесе азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төнгенде;
2) Өнім беруші желісіне абонент өз бетінше қосылған жағдайда;
3) Есепті кезеңнен кейінгі екі ай бойы көрсетілген қызмет үшін ақы төленбеген жағдайда;
4) Абонент өнім беруші мекеме өкілдерін көрсеткіш алу, жұмыс істеп-істемей тұрғанын тексеру, аумақта орналасқан немесе шаруашылық жүргізуде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің барлық элементтерінің техникалық жай-күйі мен қауіпсіздігін бақылау үшін сарқынды судың сынамаларын алуға, суды есепке алу аспаптарына бірнеше рет жібермеген жағдайда;
5) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына негізделген құбырларға дезинфекция жүргізу қажеттілігі туындаған жағдайда;
6) Нормативтік құқықтық актілерде және тараптардың келісімінде көзделген басқа да жағдайларда.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті тоқтату бірден іске асырылады. Осы тармақтың 3), 4), 5) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда тұтынушыға қызмет көрсетуді тоқтатқанға дейін абонентке кемінде бір ай бұрын ескертіледі.
Тұтынушының сумен жабдықтау қызметін ерікті негізде тоқтата тұру мүмкіндігі бар. Мысалы, пәтер иелері ұзақ уақыт бойы үйден алысқа кететін болса, су ағудың алдын-алып өшіруіне болады. Ондай жағдайда үй иесі дилерлік учаскеге барып, сумен жабдықтау қызметін уақытша тоқтата тұруға байланысты өтініш жазады.

Назар аударыңыздар, суды қайта қосатын кезде дилерлік учаскенің өкілінің "Сумен жабдықтауды ажырату-қосу" қызметіне ақы төлеу қажет. Оның құны 1446 теңгені құрайды.


Су есептегіш құралын тексеру құны қанша және басқа да өзекті мәселелер туралы?

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-не суды есептеу құралын қалай ауыстыруға болады, ол үшін не істеу керек, тексерту және ауыстыру құны қанша? деген сұрақтар жиі қойылады. Көпқабатты үйлер мен жеке үйлердегі су есептегіш құралын ауыстыру бағасы екі түрлі. Оның себебі неде? Осы сауалдарға жауап алу үшін біз "Водомер" ЖШС-не хабарластық. Қаладағы бірден-бір мамандандырылған ұйым осы. Бұл мекеме су есептегіштерді тексерумен және ауыстырумен жіті айналысады.

Қолданыстағы су есептегіш құралы паспортында көрсетілген тексеру аралық интервалға сәйкес тексеріледі, сондай-ақ қоймада ұзақ уақыт жатып қалған жағдайларда пайдаланар алдында міндетті түрде тексеріледі.

"Водомер" ЖШС - суды есептеу құралдарын тексеруге және оларды ауыстыруға лицензиясы бар кәсіпорын. Компанияда заманауи, сертификатталған жабдықтармен қамтылған өндірістік база бар, ол жеке үйлер, пәтерлер және өнеркәсіптегі су есептегіш құралдарын жіті тексеруге мүмкіндік береді. "Водомер" ЖШС-де кәсіби, тәжірибелі мамандар жұмыс істейді.

Сонымен, су шаруашылығы қызметін есепке алу жөніндегі инспектор тұтынушыға суды есептеу құралын тексерту керек деген хабарлама берді дейік (тексеру мерзімін Telegram чат-ботынан да білуге болатынын ескеріңіз, сілтемесі:wrm_bot). Әрі қарай не істейсіз? Мамандандырылған және лицензиясы бар кәсіпорынға өтініш беруіңіз қажет. Мысалы, "Водомер" ЖШС-н алайық. Өтінішіңізді қабылдаған диспетчер сізге шебердің келетін  күнін нақтылап айтуы керек. Маман суды есептегіш құралын бөлшектеп, оған құжат рәсімдейді, есептегішті абоненттің өзіне қалдырады. Әрі қарай, тұтынушы қай  кәсіпорынға тексертуге апаратынын өзі таңдап, алып барады. Тексерген мекеме сертификат береді, ал деректер "Су ресурстары-Маркетинг"ЖШС биллинг жүйесінің базасына енгізіледі. Жаңа есептегіш құралын орнату керек болса, шеберхана маманы суды есептеу құралын желіге орнатып, қосып береді және оны пломбалайды, сондай-ақ құжаттарын да беред: ол суды есептеу құралын орнату бойынша келісім-шарт, істелген жұмыстың актісі, су өлшегішті ауыстыру актісі және құралдың паспорты. Тұтынушы төлем түбіртегін "Водомер" ЖШС кеңсесінен ала алады.

СНХ  Ғалымжан Қаңлыбаев «Водомер» ЖШС директоры

"Қызмет бағасы бойынша және диаметрі 15 мм-лі суды есептеу құралын тексеру "Водомер" ЖШС-де 7275 теңгені құрайды, бұл сомаға бөлшектеу және тексеру жағдайында су өлшегішті қайта монтаждау кіреді. Көпқабатты үй тұрғындары үшін суды есептеу құралын орнату 13451 теңгені құрайды", жеке жер үйлерде - вентильді ауыстырумен бірге 14862 теңгені құрайды. Жоғарыда көрсетілген қызмет пен өзгерістер туралы деректер автоматты түрде "СРМ" ЖШС биллинг жүйесінің дерекқорына енгізіледі

Көпқабатты үйлер мен жер үйлердегі су есептегіш құралдарын ауыстыру бағасында айырмашылық бар, өйткені жеке секторда суды есептеу құралымен бірге клапан да ауыстырылады, себебі, бұл ең осал жер, оны міндетті түрде ауыстыру керек. Тексеру қалай жүргізілетінін маманнан артық ешкім айта алмас.

СНХ Сергей Меньшинин "Водомер" ЖШС метрологы.

"Есептегішті тексеруді арнайы зертханасы бар, тиісті жабдықтармен қамтылған орында жүргізіп, кем-кетігін нақты анықтап, қорытынды шығарған дұрыс. Есептегіш құралын сертификаттауға және оны одан әрі пайдалануға рұқсат беретін тұс та маңызды. Су өлшегіші жарамсыз болса, оны барлық стандарттарға сәйкес келетін жаңа есепке алу аспабына ауыстырып, оны растайтын құжатын, анықтамасын береміз". 

"Водомер" ЖШС және басқа да лицензиясы бар кәсіпорындардың байланыс телефондары, олардың орналасқан жері туралы ақпаратты әлеуметтік желілерден табуға болады.


Тұтынушымен келісімшарт түзіп, дербес шот ашудың тәртібі қандай?

Қаланың аумағы кеңейіп, жаңа аудандарға, қосылған елдімекендерге орталық су құбыры желісі тартылуда. Орталық магистральға қосылу, су өлшегіш құралын орнату сияқты техникалық мәселелерді шешкеннен кейін тұрғындар "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-мен сумен қамту және шайынды су бойынша қызмет көрсету жөнінде келісім-шарт түзуі керек.

Шарт түзу және тұтынылған қызмет түрлері бойынша есеп айырысу үшін жеке шот ашуда тұтынушы міндетті түрде бірқатар құжаттар тапсырады. Бұл мынадай құжаттар: жер учаскесінің акті, egov.kz порталынан меншік құқығын растайтын үзінді көшірме, жеке куәліктің көшірмесі және суды өлшегіш құралының фотосуреті (маркасын анық көрсетіп, нөмірлік белгісін де түсіру керек). Осы құжаттармен тұрғылықты жердегі дилерлік учаскеге бару керек. Келісімшарт түзу және дербес шот ашу ұзақ уақытты алмайды.

Егер тұтынушының жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжаты болмаса, тұтынушымен сумен қамту және кәріз қызметін ұсыну бойынша келісім-шарт түзілмейді.

Дилерлік учаскелердің мекенжайларын біліп алыңыздар:

Қайнар бұлақ шағынауданы, Қайнар бұлақ саяжай алабы, Асар-2 ш/а, Нұршуақ, Достық, ш/а. Күншығыс оазисі тұрғындары үшін дилерлік учаске мекенжайы: Сырым батыр көшесі, 1174 учаскесі ("Высоковольт" аялдамасы, Стоматология ғимараты). Анықтама телефоны: +77078709873.

Ынтымақ-1,2,3, Нұршуақ шағынаудан тұрғындары үшін дилерлік учаске келесі мекенжайда орналасқан: Жаңатұрлан елдімекені, Галицин көшесі, н/ү. анықтама телефоны:+77027704433.

Жаңаталап, Игілік, Қосбұлақ, Тәуелсіздікке 20 жыл, Қызылжар тұрғын алабы тұрғындары үшін дилерлік учаскесі Қалдаяқов көшесі, 9 мекенжайында орналасқан. Анықтама телефоны: +77013001454.

Құрсай, 156 және 283 кварталдар, Жаңақұрылыс (Қарабастау), Ақтас және Ақжар шағынаудан тұрғындары үшін дилерлік учаске келесі мекенжайда орналасқан: Забадам ауылы, Б.Саттарханов көшесі, н/ү (су тарту). Анықтама телефоны: +77058474947. МҰҚИЯТ БОЛЫҢЫЗДАР!


Онлайн түбіртек алуға бола ма және сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне шартты қалай қайта ресімдеуге болады?

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басқармасына келетін абоненттер саны бұрынғыға қарағандай айтарлықтай азайған. Оның себебі бар, таңқалуға да болмайды. Кәсіпорын тұтынушыларға қызмет көрсетуде сандық құралдарды тиімді пайдалануға басымдық береді. Нәтижесі жақсы. Көп мәселелерді қашықтан шешуге болады. Мысалы, жеделхат мессенджеріндегі виртуалды көмекші (сілтемесі: wrm_bot). Оны пайдалану да оңай. Көпфункционалды деуге болады: электронды түбіртек арқылы шоттағы балансты біліп отырасыз және тиісті төлемді жасай бересіз. Тағы бір маңызды функциясы – көрсеткіштерде қате кетсе, түзету мүмкіндігі бар. Тұтынушы чат ботта ай сайын қанша су тұтынғанын және оның төлем көрсеткіштерін көре алады. Егер бақылаушы- инспектор базаға суды есептеу құралының көрсеткіштерін дұрыс енгізбеген болса, онда тұтынушы су өлшегішіінің суретін түсіріп, оны чат-ботқа жіберуі керек. Біздің оператор аз уақыт ішінде қажетті түзетулерді енгізеді, төлем құжаттарындағы деректер жаңартылады. Кәсіпорынның дилерлік учаскесіне немесе әкімшілігіне бұған дейін тұтынушылар келісімшартты қайта түзу және жылжымайтын мүлік иесі ауысқанда құжатты қайта тіркетуге баратын. Қазір осының бәрін үйден шықпай-ақ онлайн жасауға мүмкіндік бар. Уақытыңызды босқа кетірмейсіз. Сумен қамту және шайынды су бойынша қызмет көрсетуге келісім-шартты қайта жасап, дербес шотты қайта ресімдеуді "Су ресурстары-Маркетинг " ЖШС-нің ресми сайтын пайдаланған дұрыс(электронды мекенжайы: wrm.kz). Ең бастысы - ЭЦҚ және дербес компьютеріңіз болса болғаны. Бүкіл процедура аз ғана уақытыңызды алады. Мәселелерді қашықтан шешуде әлеуметтік желілерді де пайдалана аласыз. Компания интернет кеңістігінде де белсенді жұмыс істейді. Келіп түскен өтініштерге талдау жасау және күрделі проблемалар тудыратын тұстарды қарастыру жүйелі жүргізіледі. Сондықтан, сізде қандай да бір сұрақтар болса, whatsapp – қа жазыңыз: +77057581111. Немесе кәсіпорынның әлеуметтік желілеріне жазыңыз. Жауап беріледі.


ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙЛАРДА ТҰТЫНУШЫНЫ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ҚЫЗМЕТІНЕН АЖЫРАТУҒА БОЛАДЫ? БҰЛ ТҰТЫНУШЫЛАР ҚОЯТЫН ӨЗЕКТІ СҰРАҚТАРДЫҢ БІРІ

Сумен жабдықтау қызметтерін ажырату (авариялық жағдайларды және жоспарлы жөндеулерді қоспағанда) екі жағдайда жүргізіледі.
Біріншісі - есептік кезең басталғаннан бастап, екі айдан астам тұтынылған «Сумен жабдықтау және су бұрудың қызметтері» үшін төлемдер болмаған жағдайда. Әдетте, инспектор-бақылаушы төлем жасау қажеттілігі туралы ескертеді. Егер тұтынушы бұл талаптарды елемейтін болса, онда қызмет өшіріледі. Егер сотқа дейін реттеу жүргізілмесе, материал сот инстанцияларына беріледі.
Екіншісі - ерікті негізде өшіру. Мысалы, пәтер иелері ұзақ уақытқа үйден кететін болса, құбырдың жарылуы мен судың ағып кетуінен қорыққан жағдайда. Бұл жағдайда олар «Сумен жабдықтау қызметтерін» уақытша тоқтата тұру туралы өтініш жазады.
Кейде жалға берушілер, үйді жалға алған ұқыпсыз тұрғындардың кесірінен суды өшіруді сұрайды. Ол үшін жалға берушілер өтініш жазып, жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттарды ұсынуы қажет.
Назар аударыңыздар, суды қайта қосатын жағдайда, дилерлік учаскенің өкіліне "Сумен жабдықтауды ажырату-қосу" қызметі үшін төлем жасау қажет, оның құны 1446 теңгені құрайды.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС әкімшілігі


Инспекторларды үйге кіргізуге бола ма?
Су өлшегіш құралының көрсеткіштерін дилерлік учаскелердің инспектор-бақылаушылары алады. Бұл іс-шара арнайы әзірленген уақытша кестеге сәйкес жүзеге асырылады. Су өлшегіш құралдары арнайы бөлініп берілген жайда немесе құдықта орналасса, онда бақылаушы тұрғындарды мазаламастан су көрсеткіштерін өзі алады. Егер су өлшегіш құралы тұрғын үйдің ішінде болса, бақылаушы пәтер (үй) иесінен ішке кіруді, су есептегіш құралының функционалын және пломбасын тексеруін сұрай алады. Бұл ретте, дилерлік ұйымның өкілі абоненттің талабы бойынша өзінің қызметтік куәлігін көрсетуі тиіс.
Үй иесі үйінде болмаған жағдайда, ағымдағы көрсеткіштерді үй иесінің өзі Telegram қосымшасындағы (сілтеме: wrm_bot) виртуалды ассистент (чат-бот) арқылы жіберуге болады және ол деректер кәсіпорынның базасына тікелей түседі. Сонымен қатар, чат-боттың көмегімен электрондық түбіртекті алуға, өз теңгеріміңізді білуге, онлайн төлем жүргізуге және су өлшегіш құралының тексеру мерзімін білуге болады.
Бақылаушыларға сумен жабдықтау және кәріз қызметтеріне ақы төлеу үшін, абоненттерден қолма-қол және электрондық ақша қаражатын алуға, су өлшегіш құралының тексеру жүргізуге және т.б. тыйым салынады. Бұл жағдайда, пайдалану қызметтерінің өкілдері жабу (орындалған жұмыстар актісі) және төлем жөніндегі фискалдық құжаттарды ұсынуы тиіс.
Егер сізде дилерлік ұйым өкілінің іс-әрекетінің заңдылығына немесе бақылаушы лауазымды тұлға емес деген күдік туындаса, +77057581111 (whatsapp) телефонына қоңырау шала аласыз және осындай фактілер туралы кәсіпорынның Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарына жаза аласыз.


- Неліктен сізге сумен жабдықтау қызметтері үшін бөлек түбіртектер келуде?
- Тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін, олардың уақыты мен ақшасын үнемдеу үшін, сонымен қатар, эпидемиологиялық қауіптің жоғарылауы кезінде, жол жүруді азайту үшін, компания басшылығы электронды түбіртектерді енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл төлем құжаттарын (және ағымдағы баланс, өлшеу құралдарын тексеру және ауыстыру мерзімдері сияқты басқа ақпаратты) Telegram қосымшаларынан алуға болады (wrm_bot). Біз виртуалды ассистенттерді пайдалану өте ыңғайлы және функционалды екендігіне баса назар аударамыз.


- Менің сұрағым - неге түбіртектегі сома банктік өтінімдегі сомадан өзгеше? Мен қанша төлеуім керек?
- Банк өтінімінде көрсетілген соманы төлеуге кеңес береміз. Оған мәліметтер автоматты түрде «BPM» ЖШС базасынан жіберіледі, ал кәсіпорын базасы өз кезегінде кестеге бақылаушы- инспекторлардың жаңа көрсеткіштерімен толықтырылады. Түбіртек есептелінген сәтінен (күні құжатта көрсетілген) және абонент осы төлем құжатын алған кезде, есеп айырысу уақытынан бастап белгілі бір уақыт өтуі мүмкін. Осы кезеңде бақылаушы- инспекторлар жаңа көрсеткіштерді енгізсе, банктік қосымшадағы деректер автоматты түрде жаңартылады. Өтініш пен түбіртектегі ақша айырмашылығы, кез келген жағдайда, келесі төлемдер кезінде ескерілетінін баса айтқымыз келеді.Сіз төлемдер мен теңгерім туралы ақпаратты виртуалды көмекшілердің көмегімен Chatbot арқылы Telegram қосымшасында (wrm_bot) және Whatsapp-та (+77473001212) ала аласыз.


- Мен сумен жабдықтау және кәріз қызметтерін банктік қосымша арқылы төледім, бірақ сома дебеттелмейді, неге?
- Сізге орта есеппен тұтынылған сумен жабдықтау және кәріз қызметтері үшін төлемдерді жаңарту операциясы 2-ден 3 күнге дейін созылатынын хабарлаймыз. Бұл уақыт банк пен «Су ресурстары-Маркетингі» ЖШС арасында ақпарат алмасу үшін қажет. Егер сіз банктік өтінім арқылы, жұма күні кешке немесе демалыс күндері төлем жасасаңыз, жаңарту тек дүйсенбіде болады. Абоненттерден еш алаңдамастан, көрсетілген уақытты күтуін сұраймыз. Егер жаңарту көрсетілген мерзімде болмаса, бізбен әлеуметтік желілер арқылы байланысуға болады. Баланс пен төлем ақпаратын Telegram (wrm_bot) және WhatsApp (+77473001212) чот-боттарынан тексеруге болады.


- Ескі иесінің атына түбіртек алдық, неге? «Энергопоток» ЖШС мәліметтеріне өзгерістер енгізген едік.
- Сіз пәтердің (үйдің) иесінің деректерін бірыңғай төлем құжатының мәліметтер базасында өзгерттіңіз. «Су ресурстары-Маркетингі» ЖШС базасында жеке шот иесін ауыстыру үшін сізге «Су ресурстары-Маркетингі» ЖШС басшылығымен, Орманов 17 мекен-жайы бойынша хабарласуыңыз керек, сіз өзіңізбен egov.kz-тен меншік құқығыңыз туралы мәлімдемені, сатып алу-сату келісім-шарты мен жеке куәлік көшірмесін алу келуіңіз қажет. Сізбен жаңа келісім-шарт жасалады және базаға өзгеріс енгізеді. Өкінішке орай, бұл қызмет әлі он-лайн режимінде қол жетімді емес. Жұмыс күндері сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін хабарласуларыңызға болады.


Неліктен банктік қосымшадан қарыз есептен шығарылмайды

Айтыңызшы, сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін қарызымның мөлшері неге банк қосымшасынан шығарылмайды? Мен төлемді кеше жасадым, қарыз әлі де тұр. Сізге орта есеппен тұтынылған сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін төлемдерді жаңарту операциясы бір күнді алатындығын хабарлаймыз. Бұл уақыт банк пен «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і арасында ақпарат алмасу үшін қажет. Егер сіз банктік қосымша арқылы жұма күні кешке немесе демалыс күндері төлем жасасаңыз, жаңарту тек дүйсенбіде болады. Жазылушылардан алаңдамай, көрсетілген уақытты күтуін сұраймыз. Егер жаңарту көрсетілген мерзімде болмаса, бізбен әлеуметтік желілер арқылы байланысуға болады. Баланс пен төлем тарихын Telegram (wrm_bot) және WhatsApp (+77473001212) чат боттарынан тексеруге болады.


ПИК (КСК) үй құжаттарын жаңа басқарушыларға қашан өткізуі керек
Қазақстанда көп пәтерлі үйлерді басқару ПИК-тен (пәтер иелері кооперативі) жаңа түрлерге көшуі жалғасуда. Осыған байланысты, төрағалар көп пәтерлі үйлердің техникалық және қаржылық құжаттарын меншік иелері бірлестіктеріне (МИБ) немесе жай серіктестіктерге (ЖС) өткізетін мерзімдер анықталды. Кондоминиум объектісінің қаржылық, техникалық құжаттамасын және техникалық құралдарын беру тәртібі: 1. Төраға немесе сенім білдірілген тұлға заңды тұлға/серіктестік құрылған сәттен бастап / басқару формасын өзгерткен кезде 3 күн ішінде ПИК-ке, басқарушы компанияға МИБ/ ЖС құру туралы хабарлама жібереді. 2. Бұл хабарлама тұрғын үй инспекциясына да жіберіледі. 3. Құжатты алған сәттен бастап, 3 күн ішінде тараптар кондоминиумның қаржылық, техникалық құжаттары мен мүлкін қабылдау-тапсыру актісін жасайды. Кондоминиумның құжаттарын және техникалық құралдарын МИБ төрағасына/ үй кеңесіне беру қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылғанға дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады. 4. Құжаттаманың немесе техникалық құралдардың сандық/сапалық құрамы бойынша кез-келген келіспеушіліктер қабылдау-тапсыру актісінде көрсетіледі. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережелеріне өзгерістер енгізілді. Құжат алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Еске салайық, енді әр үй «бір үй – бір басқару органы – бір шот» формуласы бойынша бөлек басқарылатын болады. ПИК-тен МИБ/ ЖС-ға көшудің өтпелі кезеңі 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін деп анықталды. МИБ төрағасына, ЖС өкілетті өкіліне, ПИК басқармасына кондоминиум объектісін ұстауға және басқаруға берілген қаражатты тұрғындар жиналысында бекітілген шығындар сметасында көрсетілмеген басқа мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады.


Жеке шотыңызды қалай білуге болады?
Көптеген тұтынушылар төлемдердің цифрлық әдістерін енгізуге байланысты сумен жабдықтау және су бұру бойынша жеке шотын білгісі келеді. Мұны сіз қалай жасай алатыныңызды түсіндіріп өтейік. Виртуалды көмекшілермен, сондай-ақ коммуналдық төлемдер үшін банктік төлем жүйелерімен жұмыс істеуге арналған Telegram және WhatsApp қосымшаларына тіркелу кезінде сіз таңдалған қызмет үшін жеке шот нөмірін, мысалы, сумен жабдықтау бойынша енгізуіңіз керек.
Жеке шотыңызды білу үшін сізге ескі түбіртек – бірыңғай төлем құжаты (БТҚ) қажет. БТҚ-ң жоғарғы жағында осы құжаттың жеке шот нөмірі бар, оны сумен жабдықтау бойынша жеке шотпен шатастырмаңыз. Сумен жабдықтау қызметтері үшін есептеу жолында түбіртекте жеке шоттың нөмірі көрсетілген. Ол сол жақта. Фотосуретке қараңыз.
Тағы бір нюанс. Егер сіз сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін Kaspi қосымшасында басқа коммуналдық төлемдерден бөлек төлегіңіз келсе, іздеуге ТОО «Водные ресурсы-Маркетинг» деп енгізуіңіз керек.
Егер сізде сұрақтар туындаса, бізге әлеуметтік желілер арқылы, сонымен қатар WhatsApp: +77057581111, +77019892219 арқылы жаза аласыз.


Су есептегіштерін ауыстырумен кім айналысады?

Су есептегіштерін тексеруді және ауыстыруды осы жұмыс түріне лицензиясы бар мамандандырылған кәсіпорындар жүзеге асырады. Мысалы, осындай кәсіпорындардың бірі – «Водомер» ЖШС-і су есептегішін тексеруді шамамен 4000 теңгеге жүргізеді (нақты сома осы ұйымда байланысқа түскен жағдайда беріледі). Бұл сомаға: жұмыс үшін төлем, бөлшектеу, тексеру, шығын материалдары, сынау үшін су құны, пломбалау, монтаждау үшін, әлеуметтік салық және көлік шығындары кіреді. Есептегішті тексеру жұмысы аяқталғаннан кейін арнайы сертификат беріледі және затбелгі (лейбл) жапсырылады. Осындай процедураны су есептегіштерін тексеруді қамтитын кез келген басқа ұйым ұстануы керек.
Тексеру мерзімі туралы мәліметтер арнайы сертификат ұсынылғаннан кейін «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң автоматты басқару жүйесінің базасына енгізіледі. Назар аударыңыз, дилерлік инспекторлар және лицензиясы жоқ басқа адамдардың тексеру жұмыстарын жүргізуіне тыйым салынады!
Су есептегішті ауыстыру «Водомер» ЖШС-ң бағасымен 9050 теңгені құрайды. Бұл сомаға мыналар кіреді: персонал жұмысының және құрылғының құны, көлік шығындары, монтаждау және пломбалау, әлеуметтік салық және жалпы әкімшілік шығыстар. Құрылғыны ауыстыру мерзімдері туралы мәліметтер «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң автоматты басқару жүйесінің базасына есептегішті орнату туралы куәлік ұсынылғаннан кейін енгізіледі.
Суды есепке алу құрылғысын тексеру жиілігі су есептегішінің техникалық паспортында көрсетілгенін еске саламыз, тәжірибе көрсеткендей, ол орта есеппен 5 жылды құрайды. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң өкілдері абоненттерге су есептегішті тексеру немесе ауыстыру қажеттілігі туралы ғана хабарлайды. Мамандандырылған кәсіпорындардың өкілдері су есептегіштерімен тікелей жұмыс жасайды.
Егер сізде мұндай жұмыстарды жүргізуге рұқсаты жоқ адамдар сізге өз қызметтерін ақылы негізде ұсынған фактілер болса, бізге хабарлаңыз.
Сонымен қатар, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң абоненттерінен сумен жабдықтау және су бұру қызметтері үшін кассаларда немесе төлемдік қосымшалар арқылы төлем жасауды сұраймыз. Дилерлік орталықтардың өкілдері арқылы қолма-қол төлем жасауға тыйым салынады.


Келісімшарттарды қайта жасасу кезінде ЖСН не үшін қажет
Сұрақ: Неліктен сумен жабдықтау және су бұру қызметтері бойынша жеке келісімшарттарды қайта жасасу кезінде дилерлік орталықтардың өкілдері тұтынушылардан жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) талап етеді?
Сұраққа «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і заң бөлімінің бастығы Кеңес Әлібаев жауап береді. - Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес тұтынушымен есеп айырысу жүргізген кезде «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і өзінің БСН-і мен төлеушінің ЖСН-н көрсетуге міндетті. Осылайша, мекеме өз әрекетерінің заңдылығын көрсетеді. Ақшалай операциялармен келісімшарттар жасасу кезінде контрагенттің жеке сәйкестендіру нөмірін көрсету әдеттегі тәжірибе болып табылады. Үлгі келісімшартта мекеме құпия деректерді қорғауы және оны үшінші тұлғаларға бермеуі керек делінген. Сондықтан біз мәліметтерді біздің мекеме өкілдеріне беруді ұсынамыз. Егер сіз мәліметтерді талап етіп жатқан тұлғаның «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і қызметкері екендігіне күмәндансаңыз, қызметтік куәлікті сұраңыз.
Сұрақ: Мен күні бойы жұмыста боламын, мүмкін сіздің өкілдеріңіз бізге келді, бірақ бізді таппады. Келісімшартты қайта жасасу үшін не істей аламыз? Сұраққа «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і тұрғындармен жұмыс жөніндегі қызметтің бастығы Орынбек Әлімқұлов жауап береді.
- Абонент келісімшартты қайта жасасу үшін дилерлік ұйымның өкілімен (контролермен) байланысып, кездесу уақытын келісе алады. Біздің қызметкерлердің де отбасылары бар екенін және олар да демалу керек екенін ескеріңіздер. Сондықтан ең қолайлы жолдардың бірі – дилерлік кеңсеге бару. Олар сенбі күні толық жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нде абоненттік базаны түгендеу жүріп жатқандығын, соған байланысты келісімшарттар қайта жасалып жатқанын еске саламыз. Қайта жасасу аясында абоненттерден телефон нөмірлері мен ЖСН сұралуда. Сонымен қатар, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін тұтынушыға құжатты қандай – қағаз немесе электронды (WhatsApp және Telegram қосымшалары арқылы) түрде алғысы келетінін таңдауға ұсынылады Біздің мекеме құпия ақпараттың сақталуына кепілдік береді. Егер сізде сұрақтар туындаса, бізге тікелей жазуға немесе телефондар арқылы қоңырау шалуға болады: +77057581111, +77019892219 (WhatsApp).


Жеке желі дегеніміз не?
Кейбір жағдайларда, әсіресе жаңа ғимараттардағы тұрғындар су немесе кәріз желілері өз көшелеріне жеткенше күткілері келмейді. Бұл жылдам процесс емес, кейде күтуге бірнеше жыл қажет болады.
Содан кейін адамдар өздері қаражат жинайды, уәкілетті адамды таңдап, әрекет ете бастайды. Яғни, уәкілетті тұлға сумен жабдықтау немесе су бұру желілеріне қосылудың техникалық шарттарын алады, жұмысты жүргізетін мердігермен және процеске қатысатын басқа заңды тұлғалармен келісімшарттар жасайды. Жаңа (жеке) желінің құрылысы аяқталған кезде ол орталық желілерге қосылып, баланстық меншікті анықтауы керек.
Желі жеке болғандықтан, тұрғындар уәкілеттік берген тұлға желілер мен есептеу құралдарының жарамдылығы үшін жауапкершілікті өз мойнына алады. Бұл жауапкершілік «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің балансында тұрған орталық су құбырына (коллекторға) қосылған жерде аяқталады. Яғни, апат болған жағдайда тұрғындар бұзылулар мен ағып кетулерді өз есебінен жоюы керек. Айтпақшы, егер ағып кетулер жойылмаса (әсіресе көшедегі), сумен жабдықтаушы ұйым қажетті нормативтік құқықтық актілерді жасау кезінде техникалық сәйкессіздіктер толық жойылғанға дейін жеке желіні өшіруге құқылы.
Айтпақшы, егер көшеде жаңа желіге қосылғысы келетін адамдар болса, олар уәкілетті адамнан (желі иесінен) рұқсат алуы керек. Қосылу алдында сізге қажетті құжаттар пакетін (техникалық сипаттамалар) және желі иесінің нотариалды куәландырылған рұқсатын жинау қажет. Осыдан кейін уәкілетті тұлға «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің пайдалану учаскесінің өкілдерімен бірге сумен жабдықтау (кәріз) желілеріне қосылады.
Назар аударыңыз! Сумен жабдықтау желісіне қосылған кезде жеке су есептегіші қажет.


- МИБ-ке қалай тіркеуге болатындығын айтыңызшы.
2020 жылдың басынан бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енді. Енді КСК (пәтер иелері кооперативтері) орнына меншік иелері бірлестіктері (МИБ) және қарапайым серіктестіктер (ҚС) келді.
Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың иелері МИБ немесе ҚС құру арқылы олар бірнеше артықшылықтарға ие болатынын түсінуі маңызды. Біріншіден, әрбір МИБ немесе ҚС-та жеке шот болады, бұл қаражаттың түсуі мен жұмсалуының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Демек, барлық ақша олардың үйін күтіп-ұстауға кетеді. Екіншіден, персоналда көп жұмысшы болмайды. Енді МИБ немесе ҚС белгілі бір қызметтерді ұсыну үшін сервистік компаниялармен келісімшарт жасасады. МИБ-ке қалай тіркеуге болады
• Біріншіден – меншік иелерінің жиналысын өткізу. Мұны бастамашыл топ жасауы керек, мұнда пәтерлердің жалпы санының кем дегенде 10%-ы қатысады. Бастамашыл топтың заңдылығы үшін жиналыс шақыру туралы хабарлама беру керек.
• Әрі қарай, жиналыс шақырылатыны туралы хабарландыру жиналыс күнінен кемінде он күн бұрын орналастыру керек. Сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлардың тұрғындары мен иелеріне хабарлау қажет. Мұны жеке, электрондық пошта арқылы немесе телефон арқылы жасауға болады.
• Жиналысқа пәтер мен тұрғын емес үй-жай иелерінің жалпы санының кемінде 50% қатысуы тиіс. Шешімдерді қатысқандардың көпшілігі қабылдайды.
• Қатысушыларға МИБ немесе ҚС құруға дауыс беру, бір жыл мерзімге төрағаны немесе сенімді өкілді сайлау, үй кеңесін (кемінде үш адам), тексеру комиссиясын (кем дегенде үш адам) сайлау, МИБ жарғысын бекіту, ал егер ҚС жағдайында қорытынды жасау қажет болса бірлескен қызмет туралы келісім жасау қажет. Мұның бәрі жиналыс хаттамасында рәсімделуі керек.
• Егер жиналысты өткізуге мүмкіндік болмаса, жазбаша сауалнама жүргізуге болады. Сауалнама жиналыс жарияланғаннан кейін бір ай ішінде иесінің электрондық поштасына жіберіледі.
• Содан кейін ХҚО-ға құжаттар тапсыру қажет. Бұл: өтініш, дауыс беру парақтарымен қоса отырыстың хаттамасы, МИБ жарғысы және бір АЕК (2 778 теңге) мөлшерінде мемлекеттік баж салығын төлеу қажет.


Үй сатып алғанда (немесе оны сыйлық ретінде алғанда) жеке шот иесінің атын өзгерту үшін қандай құжаттар қажет?
Күн сайын «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тұрғын үй сатып алған немесе оны сыйлық ретінде алған адамдар хабарласады. Олар абоненттік базаға өзгеріс енгізуі тиіс – жеке шот иесінің атын өзгерту керек. Ол үшін қандай құжаттар қажет? Сізге egov.kz веб-сайтынан ағымдағы күнгі меншік құқығынан үзінді көшірме, сатып алу-сату шартының, жеке куәліктің, сыйға тарту шартының көшірмелері қажет. Осыдан кейін үйдің жаңа иесі «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің орталық кеңсесіне келуі керек, мұнда олар мәліметтер базасына өзгерістер енгізіп, жаңа келісімшарт жасасады. Егер жаңа меншік иесі «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-на өз бетінше жүгіне алмаса, мысалы, мүгедектік жағдайында, ол су арнасының басқармасына немесе дилерлік орталыққа байланысуы керек Бұл жағдайда су арнасы сіздің үйіңізге келісімшартты қайта ресімдеуге көмектесетін маман жібереді. Сізде қажетті құжаттардың көшірмелері болуы керек. Су мекемесіне телефон арқылы, әлеуметтік желілер арқылы немесе веб-сайт арқылы хабарласуға болады.


Неліктен сумен жабдықтау желісі жуылады?
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің зертхана мамандары қаланың тарату желілеріндегі судың сапасын анықтау үшін күн сайын судың сынамасын алады. Нормадан ауытқулар шыққан жағдайда не істеу керек? Бұл туралы зертхана басшысы Гүлжан Жауылбаева былай дейді: «Егер алынған су сапасына сай келмесе, онда келесі шаралар қолданылады. Біріншіден, пайдалану орнына сумен жабдықтау желілерін жуу қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі. Жүйе шығыршықталған, су тұрып қалуы мүмкін, сондықтан желілердегі су өрт гидранттары арқылы шығарылады. Осыдан кейін желі натрий гипохлоритымен залалсыздандырылып тағы да су сынамасы алынады.Талдау нормаға сай болған жағдайда желі қайтадан пайдалануға беріледі. Мұндай жағдайлар өте сирек кездесетінін айтып кеткім келеді. Әрине, апатты-қалпына келтіру жұмыстарынан кейін су құбыры желісінде құм жиналуы мүмкін, бірақ, бұл қатерлі емес.Суды ағызып қойсаңыз құм бірнеше минуттан кейін өзі ағылып кетеді. Егер сізде судың сапасы жөнінде шағымдарыңыз болса, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің орталық диспетчерлік қызметіне келесі телефондар арқылы: 8/7252/ 321 274; +77081102121 хабарласуыңыз қажет.


Су сапасыз – не істеу керек? 

 Абоненттерде ауыз судың сапасыздығына күдік бар деген хабарламалар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң орталық диспетчерлік қызметіне сирек түседі. Әрбір осындай шағым «қаламға алынады», себептері анықталып, тиісті шаралар қолданылады. Мұндай жағдайларда нақты не жасалатынын зертхана меңгерушісі Гүлжан Жауылбаева түсіндірді. «Сапасыз су туралы шағым Орталық диспетчерлік қызметке (ОДҚ) түседі, ол жерден ол пайдалану учаскесіне және зертханаға жіберіледі. Біздің мамандар жұмыс істейтін ұйым өкілдерімен бірге мекен-жайға келіп, сынамалар алады. Егер шағым көп қабатты үйден түскен болса, онда сынамалар шағымданушының пәтерінде, сол және оң жақтан, төменнен және жоғарыдан алынады. Жеке секторда сынамалар осындай қағидат бойынша алынады», - деді зертхана басшысы. Тәжірибе көрсеткендей, зертхана алған сынамаларда зиянды заттардың, микробтардың және бактериялардың артық мөлшері анықталмайды. Бұл таңқаларлық емес, өйткені шымкент суы тарату желісіне жібермес бұрын зарарсыздандырылады. Проблемалар апатты қалпына келтіру жұмыстарынан кейін орын алады. Жарылу мен ағып кетуді жойған кезде су құбырына құм мен топырақ түсуі мүмкін. «Мұндай жағдайларда не істеу керек? Суды ағызыңыз, 5-10 минут күтіңіз. Егер ештеңе өзгермесе, біздің компанияның диспетчерлік қызметіне қоңырау шалыңыз. Пайдаланушы ұйым желілерді шайып тастайды , кейін бәрі ойдағыдай болады», - деп кеңес береді «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң зертхана меңгерушісі. Сапасыз судың тағы бір ықтимал себебі – көп қабатты үйлердегі ішкі желілердің тозуы. Көптеген қабатты үйлерде қызмет ету мерзімі барлық нормалардан асып түсті және бұл суға әсер етеді. Ішкі жүйелермен үйдің тұрғындары өздері айналысуы керек. Судың сапасына шағымдар туындаған жағдайда, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң диспетчерлік қызметіне +77081102121, 321 274 телефондары арқылы қоңырау шалыңыз немесе компанияның мессенджерлері мен әлеуметтік желілеріне жазыңыз.


Есептегіш тоқтап қалса не істеуге болады?
Егер тұтынушы өзінің есептегішінің жұмыс істемейтінін байқаса, есептегіш ақаулығы анықталғандығы туралы қызмет көрсетушіге хабарлауы керек. Сіздің мекен-жайыңызға қызмет көрсететін дилерге хабарласуыңыз қажет. Байланыс телефондары Бірыңғай төлем құжатының түбіртегінде көрсетілген.


Су есептегіш қашан тексеріледі және тексеру уақытын қалай білуге болады
Техникалық төлқұжатқа сәйкес су есептегішінің қызмет ету мерзімі 10 жыл, оны тексеру 5 жылдан кейін өтуі керек. Өлшеу құралын тексерудің белгіленген мерзіміне дейін контролер-инспектор абонентке бір ай ішінде мамандандырылған кәсіпорында есептегішті тексеру қажет екендігі туралы хабарлама қалдырады. Егер абонент бір ай ішінде талапты орындамаса, ол 1 ай мерзімге қайта хабарлама алады. Егер екі ай ішінде абонент жеке су есептегішін тексермеген болса, онда сумен жабдықтаушы компания шара қолданады. Суды пайдалану нормалары мен ережелеріне сәйкес, уақытылы тексеруден өтпеген су есептегіш техникалық ақаулық болып саналады, сондықтан оның көрсеткіштері дұрыс деп саналмайды. Сондықтан, кейінгі төлемдер құбырдың көлденең қимасына және сумен жабдықтау жүйесінің өткізгіштігіне байланысты алынады. Орташа алғанда, мұндай жағдайларда ай сайынғы төлем 81000 теңгені (919 текше метр) құрайды.


Судың шығындарына не кіреді?
Сумен жабдықтау желісіндегі су шығындары:
• апаттар кезінде судың ағып кетуі;
• Желіден судың жасырын ағып кетуі;
• Тұтынушы сумен жабдықтау жүйесін рұқсатсыз пайдаланғаны үшін төлемеген су шығындары; • Өртті сөндіру үшін суды пайдалану.


Кәрізге қалай қосылуға болады?
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не жиі қалалық кәріз желілеріне қосылу туралы сұрақтар түседі. Бүгін біз олардың ең маңыздыларына жауап беруге тырысамыз.
Алдымен, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і тек қолданыстағы желілерді пайдаланумен және қалпына келтірумен айналысады. Яғни, компания жаңа желілерді салуға қатыспайды.
Қосылу үшін тиісті өтініш келіп түскеннен кейін «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң қызметкерлері абоненттің тұрғылықты жеріне барып, анықтау жұмыстарын жүргізеді. Сарапшылар өтініш берушіні желіге қосу мүмкіндігі бар ма, жақын жерде тиісті коллектор өткен бе, ол қосымша көлемді қабылдай ала ма – осының барлығын анықтайды. Егер жауап «иә» болса, абонент келесі әрекеттерді орындауы керек.
1. Кәріз желісіне қосылу үшін өтініш беру. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң орталық кеңсесімен келесі мекен-жай бойынша байланысу: Орманов көшесі, 17.
2. Желінің жұмыс жобасын жасайтын жобалау ұйымына ауданның топографиялық түсірілімін беру. 3. Пайдаланушы ұйымның (дилерлік ұйымның) кәріз желісіне қосылу туралы қорытындысын алу. 4. Берілген қорытындыға сәйкес жобаны әзірлеу үшін «Техникалық шарттар» алу (өндірістік-техникалық бөлім, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і).
5. «Техникалық шарттарға» сәйкес жобалық-сметалық құжаттаманы (ПСД) дайындау. Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес құрылысты салу. Айтпақшы, оны тек осы жұмыс түрлерін жүргізуге лицензиясы бар ұйым жүзеге асыра алады.
Жұмыс аяқталғаннан кейін желі тексеріліп, содан кейін ғана пайдалануға беріледі және «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-мен қызмет көрсету туралы келісім жасалады.
Назар аударыңыз! Жобалау және құрылыс жұмыстары абоненттердің есебінен жүзеге асырылады. Жеке сектордың барлық көшелерінің кәріз желілеріне қосылуымен байланысты тағы бір маңызды мәселе. Мысалы, ДСР аймағында көптеген көшелерде кәріз желілері жүргізілмеген, ал тұрғындар өркениеттің артықшылықтарын пайдалануды қалайды. Компания жаңа желілерді салумен айналыспайтындығын тағы бір еске саламыз. Бұл мәселе бойынша тұрғындар ең алдымен Шымкент қаласының әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына олардың кәрізге қосылу туралы өтінішін және техникалық шарттарына сәйкес (жоғарыдағы 5-тармақты қараңыз) «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-ң балансындағы коллекторға қосылу мүмкіндігі бар жаңа кәріз желісін салу қажеттілігін қарастыру туралы өтініш білдіріп, ұжымдық хат жазулары керек. Біздің жауаптарыңыз сізге көмектеседі деп сенеміз!


Үй желілеріне техникалық қызмет көрсету дегеніміз не?

Тұрғындардың атынан осы қызметке келісім-шартты үй комитеттері мен көше комитеттері жасай алады (жалпы жиналыстың хаттамасы қажет). Көпқабатты үйлер секторында бұл қызмет төмендегіні қамтиды:
• жертөледегі кәріз желілерін тазарту (өкінішке орай, мұндай фактілерге өтініштер көп. Кейбіреулер унитазға кез келген қоқысты тастайды);
• жертөледе профилактикалық жұмыстар немесе вентильдерді ауыстыру;
Сумен жабдықтау желілерінде (жертөлелерде) апат болған кезде тұрғындар шығын материалдарын тек өз қаражаты есебінен алады, ал жұмыс – тегін.
Жеке секторда бұл қызмет мыналарды қамтиды:
• су ағып кету жағдайында су есептегіштері орнатылған тарату тораптарындағы вентильдерді ауыстыру;
• абонент желісіндегі 0,5 м құбырды ауыстыру.
Егер абонент бұл қызметке қанағаттанбаса, ол дилерге жазбаша түрде хабарласуы керек. Дилер есептеу жүргізуді тоқтатады.
Сонымен бірге, естеріңізге сала өтейік: жекеменшік сантехниктерде көпшілігінде рұқсат құжаттары және сантехниктің мамандандырылуы туралы құжаттары болмайды. Оларда 1 метр кәріз құбырын тазалау орташа есеппен 1000 теңгеден, ал вентильдерді ауыстыру 5000 теңгеден басталады. Және олардың жұмысына ешқандай кепілдік немесе құжат берілмейді.


 - Саламатсыз ба, айтыңызшы, қалай түсінуге болады? Әр ай сайын «OBM қарыздары (шығындары)» деген бағаны бар түбіртектер келеді. Бұл сұрақты күзде қойғанбыз, есептегішті тексеруді тапсырды. Бәрін жасадық, есептегішті тексерттік, су арнасына қоңырау шалдық, олар ештеңе түсіндірмейді, ай сайын шығындарға не үшін қосылады ???

Жауап: Үй ішіндегі шығындар – бұл үйдегі есептеу құрылғысының көрсеткіштері мен барлық пәтердегі су есептегіштерінің жиынтығы арасындағы айырмашылық. Қарапайым тілмен айтқанда, үй желілері ескіргендіктен су ағып жатыр. Бұл айырмашылық пәтер иелері арасында тұтынылған су көлеміне қарай бөлінеді. Қаншалықты көп пайдалансаңыз, соғұрлым коэффициент сіздің пәтеріңізге әсер етеді. Шығындардан қалай арылуға болады? Ол үшін үй желілерін толығымен қайта құру қажет. Олар бірлескен мүлік негізінде үй тұрғындарының – пәтер иелерінің меншігінде. Сондықтан сіздерге қоғамдастық жиналысы және қайта құру туралы шешімді 100% қолдау қажет шешім қажет. Осыдан кейін, осындай жұмыстарға лицензиясы бар ұйыммен келісім жасалады (тұрғындардың атынан үй комитетінің төрағалары немесе басқа уәкілетті тұлға жасай алады). Шығындар есептеледі, олар барлық пәтерлерге бөлінеді. Одан кейін жұмыс басталады. Жылдық несие болуы мүмкін. Мұны талқылау қажет. Қайта құру жұмыстарынан кейін кепілдік бірнеше жылға беріледі. Есептегіштер жертөлеге немесе подъездке шығарылады.


- Айтыңызшы, жалпы су шығыны үшін сома қандай принцип бойынша есептеледі? Әр түрлі пәтерлерде әр түрлі сома келеді.

Су мен су бұру қызметтерінің көлемі коммерциялық есептеу аспаптарының көрсеткіштерімен анықталады. Келісімде қарастырылмаған сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің көлемін айқындау тәртібі Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығымен бекітілген сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің көлемін есептеу ережелеріне сәйкес анықталады.
Сәйкессіздіктер, бұзушылықтар болған кезде, сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінің көлемін есепке алу есептеу әдістемесіне сәйкес жүзеге асырылады. Ол келесіні айтады. Заңның 27-бабы 1-тармағының 34-тармақшасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдері бекіткен сумен жабдықтау үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну мөлшеріне сәйкес жалпы үйдің есепке алу аспаптарының көрсеткіштері мен жеке есепке алу аспаптарының жиынтық көрсеткіші арасындағы айырмашылықты пәтерлердің, ішіне және жанына қосылған тұрғын емес үй-жайлар иелері (кондоминиумға қатысушылар) тұтынылған су көлеміне сай төлейді. Жеке есептеу құралдары 100 пайыз бар болған жағдайда және үйде жалпы есептеу құрылғысы жоқ болса – жеке есептеу құралдарының көрсеткіштері бойынша. 100 пайыз жеке есептеу аспаптарының және жалпы үйді есепке алу аспаптарының болған жағдайында – жеке есептеу құралдарының көрсеткіштері бойынша.
Жалпы үйдегі су есептегіштері мен жеке есептегіштердің көрсеткіштері арасындағы айырмашылықты пәтерлердің, тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың иелері (кондоминиумға қатысушылар) тұтынылған су көлеміне қарай төлейді. Елді мекендердің кәріз жүйесіне қосылған тұтынушылардың сарқынды суларының мөлшері жіберілген судың көлеміне тең қабылданады.


- Су қысымы төмендеген жағдайда не істеу керек?

Желілердегі судың қысымы күрт төмендеген жағдайда су арнасының диспетчерлік қызметіне 321-274 телефоны арқылы хабарласыңыз. Сонымен қатар, судың қысымына байланысты проблемалар көп жағдайда пәтер желілерінде пайда болады – араластырғыштар мен шүмектердегі сүзгілер бітеліп қалады, газ бағанасы желілерінде қақ жиналып қалады және т.б. Сондықтан орталық диспетчерлік қызметке қоңырау шалмас бұрын көршілеріңізден оларда су қысымы қандай екенін анықтауды ұмытпаңыз.


- Түбіртектің "Суды ұтымсыз пайдалану" тармағы туралы түсіндіріңізші"?

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы №621 бұйрығының 14-тармақшасына сәйкес, Тексеру мерзімі өткен суды есепке алу құралдарын орнатуға және пайдалануға жол берілмейді. Егер суды есепке алу құралы дұрыс болмаса, онда жіберілген судың мөлшерін Қызмет беруші белгілейді. Соңғы тексеру жүргізілген сәттен бастап құбырдың басқару торабына дейінгі толық өткізу қабілеті есебінен суды пайдалану үшін 24 сағат ішінде қайта есептеу жүргізіледі.


- Біздің үйдің тұрғындарына берілетін жалпы үйдің есептегіш құралы бойынша түбіртектегі көрсеткіштер қандай құжат негізінде ұсынылады?

Деректері бойынша сіздің үйіңіз ОҚО әділет Департаменті нде кондоминиум нысаны ретінде тіркелген. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 266 бұйрығының 11-тармағына сәйкес, Сумен жабдықтау және/немесе сарқынды суларды бұру қызметтерін ұсынуға арналған шартта:
Жеке есепке алу аспаптары мен үйге ортақ есепке алу аспабы 100 % болған кезде үйге
ортақ есепке алу аспабының көрсеткiштерi мен жеке есепке алу аспаптарының жиынтық
көрсеткiштерiнiң арасындағы айырмашылық нақты тұратын адамдардың санына сәйкес,
өзге жағдайларда - тараптардың келiсiмi бойынша кондоминиум объектiсi меншiк
иелерiнiң ақы төлеуiне жатады.

"...жеке есептеу құралдары мен жалпы үйлік есептеу құралы 100% болған кезде жалпы үйлік есептеу құралы көрсеткіштері мен жеке есептеу құралдарының жиынтық көрсеткіштері арасындағы айырмашылық нақты тұратын адамдардың санына сәйкес кондоминиум объектісі меншік иелерінің ақы төлеуіне жатады";». Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі №481" Су кодексінің" 92-7 бабы, 2-тармағына сәйкес, көрсетілген: жалпы үйлік су есептегіш құралы арқылы көп пәтерлі тұрғын үйлерде суды есепке алу міндетті болып табылады;
ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2015 ж. №163 бұйрығының 39 тармағына сәйкес,
Пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы болып табылады:
Сумен жабдықтау бойынша-тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) сыртқы қабырғасы;
Су бұру бойынша-елді мекеннің су бұру желісіндегі құдықпен жанасу орны.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде жалпы үйдің көрсеткіштері мен суды есепке алудың жеке құралдарының жиынтық көрсеткіштері арасындағы анықталған айырмашылық нақты тұру бойынша барлық тұрғындарға есептелген.


- Бізге өте жоғары сомаға есеп келді! Неге бұлай болғанын түсіндіріп беріңізші?

ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі №167 бұйрығымен бекітілген" Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріндегі суды коммерциялық есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану жөніндегі әдістемелік нұсқаулардың" 7.1.4-тармағына сәйкес, тексеру мерзімі өткен есепке алу есептеу құралдары пайдалануға жіберілмейді.
Сізге тиесілі есептегіш құралы 2009 жылы 01 наурызда орнатылды. Есептегіш құралының тексеру аралық мерзімі оны орнатқаннан кейін 5 жылды құрайды. Сіз оны орнатқан сәттен бастап есептегіш құралына тексеру жүргізілмеген, бұл жағдайда есептегіш құралының көрсеткіштері дұрыс болып саналмайды. Жалпы үйлік есепатегіш құралының шығындары мен жеке есептегіш құралдарының жиынтық көлемінің арасындағы айырмашылық есептегіш құралдары тексеруден өтпеген тұтынушыларға қойылды.
Су есептегіш құралдарын тексеру және ауыстыру мәселесі бойынша Сізге мамандандырылған кәсіпорны « Водомер»ЖШС-не хабарласуыңыз қажет. Мекен-жайы: Шымкент, Теріскей шағын ауданы, н/ү. телефоны 37-33-62.
Су құбыры мен кәріз қызметі үшін төлемді төлем құжаты негізінде есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-не дейінгі мерзімде жүргізу қажет..


- Сіздің кәсіпорыныңыздың калькуляциясына сәйкес жеке тұлғалар үшін су есептегішті орнату үшін төлем мөлшері қандай??

«Водомер» ЖШС-і мамандандырылған кәсіпорнының калькуляциясына сәйкес, суды есептеу құралдарын орнату құны 9200 теңгені құрайды. Суды есептеу құралдарына қызмет көрсететін басқа кәсіпорындар бойынша мәліметтер жоқ. Су есептегіш құралын орнатудың калькуляция құнын алу үшін «Водомер» ЖШС-і мамандандырылған кәсіпорнына хабарласуыңыз қажет. Мекен-жайы: Шымкент, Теріскей шағын ауданы, н/ү, телефоны 37-33-62.


- Су өлшегіш жәшігіндегі кранды ауыстыруға қалай өтінім беруге болады? Бізде су жеке-жеке жабылмайды және айналасы ылғал, бір жерден су ағады.

Тарату торабында вентильді ауыстыруды пайдаланушы учаскелер жүргізеді. Өтінімді диспетчерлік қызметке: 32-12-74, 32-35-74 телефон немесе «Whatsapp» 87081102121 арқылы беру қажет. Бұл жабдық кесте бойынша қысқы кезеңге дайындықтан өтеді. Оған: бояу , апаттық жағдайда шақыру үшін телефон нөмірлері бар логотипті жапсыру, қалқаларды , есік саңылауларын жөндеу, құлыптарды жөндеу және т. б. кіреді.


- Менің үйімде есептеу құралы және кәріз бар, оны есептейтін тариф қандай? Мен кәрізсіз тарифтелетін суару үшін қосымша есептеу құралын орнатқым келеді. Бұл үшін не істеу керек? Және мен өзім су есептегіш құралын сатып алып, кейін рәсімдесем бола ма?

Сіздің суару үшін қосымша есептегіш құралын орнату мәселесі жөніндегі өтінішіңіз бойынша хабарлаймыз:
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2001 жылғы 28 ақпандағы №163 бұйрығына сәйкес, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалану және қызмет көрсету шартының 17 тармағында « желектерді, бақшаларды суаруға ауыз суды пайдалану кезінде , тұтынушы орналастыратын арнайы суару құрылғыларын қосу орнын суару уақытын Қызмет көрсетуші белгілейді» деп көрсетілген. Бұл ретте суару үшін су әкелетін желілер есептегіш құқралдарымен және сумен жабдықтау желілеріне қосылу орнындағы бекіту вентилдерімен жабдықталады. Елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне жаңадан салынған сумен жабдықтау және су бұру желілерін қосу және пайдалануға беру жөніндегі жұмыстарды Қызмет беруші немесе оның техникалық бақылауымен орындайды. Қосымша су құбырын қосу үшін Сізге қажет техникалық құжаттаманы дайындап, содан кейін суаруға дербес шот ашу керек, есептегіш құралын қойып, содан кейін Абай аудандық су арнасы қызметкерлері суаруға қосымша ойым қойып береді.

Ол үшін келесі құжаттаманы дайындау қажет:

1. Өтініш.

2. Топотүсірілім

3. Қосылу нүктесі туралы аудандық су арнасының қорытындысы.

4. Техникалық шарт.

5. Жобалық-сметалық құжаттама.

6. Су құбыры желілерінің құрылысы жөніндегі мердігерлік мекеменің актісі.

7. Келісім-шарт түзу .

8. дербес шот ашу.

Суару маусымы сәуір айынан қыркүйек айына дейін жүргізіледі. Суғару кезеңі тоқтаған соң, Сізге есепке алу құралын пломбалау және қысқы кезеңде суды жабу туралы дилерлік учаскеге бару қажет..


- Айтыңызшы, есептеу құралын ауыстыру және құралдың өзі қанша тұрады?

Суды есептеу құралдарын ауыстырумен көрсетілген қызмет түріне лицензиясы бар "Водомер" ЖШС-і мекемесі айналысады. Есепке алу құралын ауыстыру қызметі-8800 теңге (соның ішінде есепке алу құралы 6370 теңге, демонтаж, монтаж - 1230 теңге, пломбалау 1200 теңге). Есепке алу құралын ауыстыруға өтініммен сіз мына мекен-жай бойынша хабарласа аласыз: Теріскей шағын ауданы, «Водомер» ЖШС-і немесе 37-54-57, 37-33-62 телефондары арқылы.


- Бізге кәріз жолдарына, сондай-ақ үйдің жертөлесіндегі кәріз құбырларына жөндеу жүргізу және ауыстыру қажет. Мұны келісім- шарт шеңберінде қалай жүргізуге болады?

Жертөле үй-жайларында ортақ пайдаланудағы сумен қамтамасыз ету және кәріздік үйішілік желілеріне техникалық қызмет көрсету, жасалған шартқа сәйкес, сіздің үйіңізге қызмет көрсететін дилерлік учаскемен орындалады. Техникалық қызмет көрсету сомасы айына 150 теңгені құрайды және сіздің үйіңіздің барлық тұрғындары ай сайын төлейді. Жертөле үй-жайына техникалық қызмет көрсету келісім-шартының 2.1. тармағына сәйкес, су құбырлары мен кәріз желілерін Күрделі жөндеу, ауыстыру және қайта жаңарту жеке төлеммен жүргізіледі. Құны жобалау-сметалық құжаттармен анықталады.


- Кәріз желілеріне өз бетімен қосылуға бола ма? Бұл үшін қандай жаза қарастырылған? Бұзушылардың үстінен қайда шағымдануға болады?

ҚР заңнамасы кәріз және су құбыры желілеріне өз бетінше қосылуға тыйым салады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 163 бұйрығының талаптарына сәйкес:
Елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне жаңадан салынған сумен жабдықтау және су бұру желілерін қосу және пайдалануға беру жөніндегі жұмыстарды Қызмет беруші немесе оның техникалық қадағалауымен орындайды.

Сондай-ақ көрсетілген Бұйрықтың 5-тармағында қарастырылған:

Осы Қағидалардың 9 - тармағында белгіленген шарт жасасу мерзімі өткеннен кейін Қызмет берушінің техникалық шарттарын бұза отырып қосылған немесе олар болмаған кезде тұтынушылардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін, сондай - ақ сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі қызметтерге шартсыз пайдаланылатын тұтынушылар-заңды тұлғалардың сумен жабдықтау және су бұру жүйелері пайдалануға жол берілмейді
Кәріз желілеріне өз бетімен қосылу бөлігінде бұзушылық болған жағдайда Қызметтерді жеткізуші су бұру қызметінен ажыратады және «Сумен жабдықтау және су бұру бойынша көрсетілген қызметтердің көлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығына сәйкес есептеуді жүргізеді.

Кәріздік немесе су құбыры желілеріне өз бетімен қосылғанын анықтаған жағдайда, сіз сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін жеткізушіге жүгіне аласыз..
Сұрақ: Қайырлы күн! Үйден шықпай-ақ жаңа су есептегіш құралын қалай ауыстыруға болады? Бұл мүмкін бе? Жаңа есептегіш құралы орнатумен қанша тұрады?

Алдын ала рахмет.
«Водомер» ЖШС-і бізге бұл қызметтің қолжетімді екенін хабарлады. Диспетчермен 8 (7252) 37 54 57 телефоны бойынша хабарласып, өтінім қалдыру керек. Осыдан кейін, мекен-жайға жеке су есептеу құралын ауыстыру үшін шебер келеді. Барлық процедура актіленеді. Қызмет құны-9050 теңге, бұған - құрал, орнату және пломбалау кіреді.


Су есептегішті тексеру уақытын жіберіп алмаңыз

Көптеген абоненттер үшін су есептегіштерін тексеру мерзімі келді, кейбір пайдаланушылар су есептегіштерін ауыстыруы қажет. Еске салайық, техникалық төлқұжатқа сәйкес су есептегішінің қызмет ету мерзімі 10 жыл, оны тексеру 5 жылдан кейін өтуі керек.

Өлшеу құралын тексерудің белгіленген мерзіміне дейін контролер-инспектор абонентке бір ай ішінде мамандандырылған кәсіпорында есептегішті тексеру қажет екендігі туралы хабарлама қалдырады. Егер абонент бір ай ішінде талапты орындамаса, ол 1 ай мерзімге қайта хабарлама алады.

Егер екі ай ішінде абонент жеке су есептегішін тексермеген болса, онда сумен жабдықтаушы компания шара қолданады. Суды пайдалану нормалары мен ережелеріне сәйкес, уақытылы тексеруден өтпеген су есептегіш техникалық ақаулық болып саналады, сондықтан оның көрсеткіштері дұрыс деп саналмайды. Сондықтан, кейінгі төлемдер құбырдың көлденең қимасына және сумен жабдықтау жүйесінің өткізгіштігіне байланысты алынады. Орташа алғанда, мұндай жағдайларда ай сайынғы төлем 81000 теңгені (919 текше метр) құрайды. Сондықтан, қала тұрғындарынан су есептегіштерін тексеру/ ауыстыру процедурасынан уақтылы өтуін сұраймыз.


Техникалық шарттарды алу үшін қандай құжаттар қажет?

Қажетті құжаттар тізіміне мыналар кіреді:

  • Жер учаскесіне мемлекеттік акт (салынып жатқан нысанға)
  • Нысанның топографиялық түсірілімі
  • Нысан иесі туралы ақпарат (мерзімдері әділет органдарының стандарттарына сәйкес келуі керек)
  • Мүлік иесінің жеке куәлігінің көшірмесі
  • Заңды тұлғалар үшін жарғылық құжаттар мен су тұтынуды есептеу қажет.

Назар аударыңыз! Мүлік иесінен сенімхат бойынша техникалық сипаттамаларды алу үшін құжаттарды тапсырған кезде нотариалды куәландырылған сенімхаттың түпнұсқасын және уәкілетті тұлғаның жеке куәлігін көрсетіңіз.
Техникалық сипаттамаларды беру мерзімі – 5 жұмыс күні. Берілуі тегін!

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары