Жаңалық - Пайдалы кеңестер
новость от 29.11.2020
Қысым туралы
Қысым қалыпты, төмен және жоғары болады. Қалыпты систолалық қысымның жоғарғы шегі 130 мм с.б. Одан жоғары болса, ол – гипертензия. Қысымның тұрақты көтерілуі кезінде емдеуші дәрігер тағайындаған схемаға сәйкес дәрі-дәрмекті үздіксіз қабылдау қажет. Дәрі-дәрмектер гипертонияны емдемейтінін, оны тек қалыпты шектерде ұстауға мүмкіндік беретінін түсіну маңызды. Тұзды тұтынуды шектеу және үнемі жаттығулар жасау арқылы қан қысымын төмендетуге немесе қалыпқа келтіруге болады.








