Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 04.10.2021
МАГИСТРАЛДЫҚ СУ ТАРТҚЫШ БҮЛІНДІ
4 қазан күні сағат 18.00-де Қонаев бульвары мен Рысқұлов көшесінің қиылысында құрылыс - монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде, диаметрі 800 миллиметр магистралды су құбыры бүлінген. Апатты жағдайды жою үшін, осы магистраль бойынша су беру тоқтатылды. Қаланың солтүстік-шығыс бөлігі сумен жабдықтаудан ажыратылды. Қысқа уақыт ішінде шағын аудандарға ішінара су беру қалпына келтірілді. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС жөндеу қызметтері апатты жою бойынша жұмыстар жүргізді және 22.00-де сумен жабдықтау толық көлемде қалпына келтірілді. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің материалдық залалын өтеу туралы бас мердігерге сотқа дейінгі шағым дайындалуда.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
35.8%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
22.1%
Жолым түскенде төлеймін
20.2%
Төлемегеніме көп уақыт болды
21.6%
барлық дауыс: 6787
дауыс мұрағаты







