Жаңалық - Микс
новость от 14.10.2021
ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРДЫҢ ТҮНГІ СЕРУЕНІ ҮШІН 24 АТА-АНА ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
Рейдтік іс-шаралар барысында Шымкент қаласы полиция департаментінің Абай аудандық полиция бөлімінің ювеналды полиция қызметкерлері заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта көшеде жүрген 24 жасөспірімді анықтады.
Олардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы).
Айта кету керек, бұл бағыттағы түнгі профилактикалық іс-шараларды полицейлер күн сайын жүргізеді.

дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
29.8%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.6%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
19.1%
БАҚ
16.2%
Басқа
16.0%
барлық дауыс: 7557
дауыс мұрағаты







