русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 30.03.2022

АРАЛ ТЕҢІЗІНДЕГІ СУ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ

           "Ғасыр жобасын" іске асыру барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізілді: Солтүстік Арал теңізінің бөгеті, Әйтек ғимараттарының кешені, Сырдария өзеніндегі қорғаныс бөгеттері салынды, Қызылорда, Қазалы қалаларының гидротораптарында, Шардара және Арнасай су қоймаларының бөгеттерінде құрылыс   жұмыстарының едәуір көлемі жүргізілді.
           Осыған байланысты Арал теңізінің солтүстік бөлігіне ағатын су көлемі ұлғайды, Арал аймағының көптеген биологиялық түрлері қалпына келтірілді, ауылшаруашылық жерлерін суармалы сумен қамтамасыз ету жақсарды.
           Жобаның бірінші фазасын іске асыру нәтижесінде, Сырдария өзені арнасының өткізу қабілеті 350-ден 700 м3/с дейін ұлғайды, Арал теңізінің солтүстік бөлігі географиялық климат түзуші объект ретінде сақталды. Ирригациялық және көлдік жүйелерді сумен қамтамасыз ету артты, Шардара бөгетін пайдалану қауіпсіздігі артты және Шардара ГЭС жұмыс режимі тұрақтанды. Арал өңірі өңірі мен халқының экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарды. Жергілікті балық түрлерінің дамуы артты және бекіре тұқымдас балық түрлерін өсіру үшін қолайлы жағдайлар жасалды, аулау көлемі 0,4-тен 6,0 мың тоннаға дейін ұлғайды.
           Бұдан басқа, өзендегі қолданыстағы құрылыстардың сенімділігі артты, оларды пайдалану мерзімі ұлғайды, су тораптарының пайдалану сипаттамалары жақсарды. Арал өңірінің қазақстандық бөлігінің биоалуантүрлілігі қалпына келтірілді.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары