русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 29.09.2022

Қауіптің алдын-алу 

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің кәріз желілеріне қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері жоспардан тыс жаттығу сабақтарын өткізді. Басты міндет-ұңғымадағы төтенше жағдайлардыдың алдын-алу, болдырмау. Жаттығу шарты бойынша ұңғымада газ да болуы мүмкін. Кәріз жүйелерінің жұмысын жүйелеу, ретке келтіру – денсаулыққа, адам өміріне қауіп төндіретін жұмыс. Өкінішке қарай, тәжірибе көрсеткеніндей, су бұру желілерінде жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасының қарапайым ережелерін елемеу қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің тұрғындарға қызмет көрсетуі барысында мұндай жағдайлар тіркелмеген. Себебі, кәсіпорын басшылығы ереженің сақталуын мұқият қадағалап отырады - өйткені ережелерде жіберілуі мүмкін қателіктер мен өлім-жітімнің алдын алатын тұстар қамтылады. Сонымен қатар, тұрақты жаттығулар өткізіліп тұрады. "Қауіпті жағдайлардың алдын алу үшін, апатты учаскелердегі жөндеу жұмыстары басталар алдында газ талдағыш көмегімен міндетті түрде өлшеулер жүргіземіз", - дейді Еңбекші ауданының кәріз желілеріне қызмет көрсету бөлімінің басшысы Серік Тайманов. Қауіпті газ концентрациясы анықталған жағдайда ортаны бейтараптандыру жұмыстары жүргізіледі, ол үшін автомобильдің аккумуляторын да пайдалануға болады. Дәлірегі, ондағы сорғыш қолданылады. Осыдан кейін ғана слесарь құдыққа түседі. Газ маскасы мен сақтандырудың болуы міндетті. "Көп өңірлерде кәріз желілерінде жазатайым оқиғалар жиілеп, құдықтарда жұмысшылар қаза болған фактілер тіркеліп жатады. Біздің кәсіпорында осындай жағдайларды болдырмау үшін жоспардан тыс жаттығу сабақтары жиі өткізіледі. Біз қызметкерлерімізге жұмысты дұрыс жүргізуді, қауіпсіз әдістер қолдануды үйретеміз, қажет болған жағдайда нұсқауларға сәйкес қатаң әрекет етуді талап етеміз». Авариялық-қалпына келтіру жұмыстарының слесарларына, газ-электр дәнекерлеушілеріне және басқа да мамандарға арналған жоспарлы жаттығу сабақтары Абай аудандық су арнасының аумағында орналасқан қажетті жарақтармен жабдықталған арнайы полигонда өткізіледі.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары