Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 31.01.2023
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният хабарлады. "Халыққа онкологиялық көмекті жетілдірудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленуде. Бұл тұрғыда адам папилломавирусына қарсы вакцинацияны енгізу және қатерлі ісік ауруларына қарсы профилактика жүргізу көзделген", - дейді Гиният ханым.
Министр иммундау жұмыстары ата-аналардың келісімімен ғана жүргізілетінін атап өтті.
"Биыл нормативтік-құқықтық актілерді дайындау және бюджетті қорғау барысы талқыланады. Жұмысты келесі жылдан бастауымыз мүмкін", - деді Денсаулық сақтау министрі. Оның айтуынша, негізінен кәмелетке толмаған балалар вакцина алады. Сондай-ақ, министрдің болжауынша, жоба Ұлттық күнтізбе шараларына енсе, онда екпе тегін жасалады.


дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
31.8%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.1%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
18.5%
БАҚ
15.4%
Басқа
15.7%
барлық дауыс: 6585
дауыс мұрағаты