русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 22.05.2023

Оқыту семинарында кәсіпорын мамандары менеджменттің интеграцияланған жүйелерін зерттеді, бұл өте маңызды. Себебі, кәсіпорын сапа, қауіпсіздік және экология бойынша халықаралық стандарттарға сәйкестігін әлдеқашан растаған. Тренингтен кейін қатысушылар ішкі аудитор ретінде қызмет етеді.  Бұл өте жауапты, маңызды функция.

Жалпы, стандарттар бірінші кезекте тұтынушының қанағаттануына бағытталуы қажет, осылайша кәсіпорын тұтынушының талабын болжай алады. Соның арқасында компания өз қызметін жүйелеп, реттейді, тұтынушының сеніміне ие болары сөзсіз. Егер тұтынушы сапа, қауіпсіздік және экология мәселелеріне, ұйымның қоғам, мемлекет алдындағы ашықтығына көңілі толса, онда ол бәсекеге қабілетті деген сөз және сұранысқа ие қызмет көрсететіні даусыз.

Бақыт Ескендірова  Қазақстандық сапа қауымдастығының бас консультанты

«Бөлімшелер арасындағы өзара тығыз байланыс, әрекет мәселелері пысықталды. Мұның өзі әрбір қызметкер менеджмент жүйесіне тартылды деген сөз, ал кәсіпорынға осы тұрғыда сертификат беріледі. Тұтынушы кәсіпорынның сапа, қауіпсіздік және экология мәселелеріне басымдық беретініне сенімді болады. Бұл жүйеде жұмыс істейтіндердің барлығының қызығушылығы өте маңызды және бұл стандарттарды әрбірінің  талап ретінде қабылдап білуі тиіс».

Стандарттар халықаралық маңызға ие, бұл кез-келген ұйым үшін қажетті талаптар. Мұндай тренингтерде әр кәсіпорынның ерекшелігі мен өзіне ғана тән мақсаты ескеріледі. "Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС басшылығы ұжымда көшбасшылық қасиеттері бар мамандардың мүмкіндігінше көп болуына мүдделі. Әр маман кәсіпорынның дамуына қаншалықты үлес қосып, қай деңгейде еңбектеніп жүргенін білгені маңызды. Семинардың тағы бір діттегені - ішкі аудиторларды дайындау болатын. Ішкі аудиттің арқасында кәсіпорында ішінара проблемаларды анықтауға және ішкі қажеттіліктерді  біліп, өзгертуге мүмкіндік туады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары