русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Аймақ жаңалықтары

новость от 31.05.2023

 «Астана Су Арнасы» МКК баспасөз қызметі қала тұрғындарының өсуіне және құрылыстың қарқынды жүргізілуіне байланысты кәсіпорын ауыз су өндіру бойынша жобалық қуаттылықтың шектелуіне тап болғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Айта кетейік, 2023 жылдың 28 наурызынан бастап кәсіпорын су қысымын реттеу шараларын енгізуге және оны босату кестесін белгілеуге мәжбүр болды.
Дегенмен, жеке секторларда суару маусымы басталды, тиісінше бұл ауызсудың көптеп пайдаланылуына алып келеді. Тұрғындардың бір бөлігі шектеуді сезіне бастады. 
Мекеме мамандары жеке сектор тұрғындарынан суды қатаң белгіленген уақытта, яғни 23:00-ден 06:00-ге дейін суару үшін пайдалануды сұрануда. Егер бұл ыңғайсыз болса, техникалық суды белгіленген мекенжайлардан сатып алуға кеңес берді. 
Уақытша шаралар жаңа сорғы-сүзгі станциясы (ССС) іске қосылғанға дейін қолданылады. Ауыз су станциясының құрылысы 2021 жылдың күзінде басталды және оның қуаты тәулігіне 105 мың текше метр суды құрайды», – делінген хабарламада. Құрылыс осы жылдың жазында аяқталуы тиіс.
«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары