русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Әлем жаңалықтары

новость от 01.06.2023

. Шаһарда Еуропадағы ең ірі су станциясы жұмыс істейді. Соңғы жылдары мұнда осы әдіспен алынған таза суды пайдалану көрсеткіші 11 есе артқан. Барселона маңындағы тартылып қалған «Сау» су қоймасы – климаттың өзгеруінің айқын көрінісі. Өзге өңірлерге қарағанда Жерорта теңізінің жағалауынан ыстық қайтпай тұр. Орташа температура мұнда 3-4 градусқа жоғарлаған. Каталонияның су агенттігінің болжамынша, 2050 жылға таман аймақтағы тұщы су 20%-ке азаяды. Әсіресе одан Барселона көп зардап шекпек. Мәселені шешудің бір жолы – суды тұщыландыру. Шаһарда 2009 жылы салынған зауыттты толық қуатымен іске қосатын уақыт жетті, -дейді мұндағылар.   Карлос Мигель, кәсіпорын директоры: - Сүзгішке су құбырлармен қысымды ұлғайту арқылы көтеріледі. Сөйтіп, судан тұздың бөлінуі басталады. Ал тұщыланған су бөлек резервуарға жиналады. Қазір тәулігіне 180 мың текше метр таза су аламыз. Испанияда сәуір айында күннің ысуы рекордтық деңгейге жетті. Қазір елдің 30% аумағында төтенше жағдай немесе қуаңшылық болу қаупі жарияланған. Сәйкесінше ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және қалалардағы кей шаруашылықтарға суды пайдалануға шектеу енгізілген. Мамандар суды тұщыландыру тиімді болғанмен, бюджетке салмақ салып отырғанын айтады. Сондықтан мәселені шешудің өзге жолдарын іздеуді жөн көреді.  Ксавье Санчес-Вила, жер асты сулары жөніндегі сарапшы: - Менің ойымша, суды тұщыландыруды халықты ауызсумен қамтамасыз ету, су тапшылығы сияқты кезінде өте қажетті жағдайда ғана қолдану керек. Себебі ауызсудың өзге көздері бар. Соңғы 10 жылда әлемде суды тұщыландыру қуаты артты. Технология Еуропа мен Африкада кеңінен қолданылып жатыр. Испания қазір әлемде бұл істе Сауд Арабиясы, АҚШ және Біріккен Араб Әмірліктерінен кейін төртінші орында. Пиреней түбегінде суды тұщыландыратын 800 қондырғы орнатылған. Олар күніне 5 млн текше метр таза су шығаруға қауқарлы.
«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары