русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 30.04.2024

Парламент Мәжілісінің Экологиялық мәселелер және табиғат пайдалану комитетінің көшпелі отырысы осындай ұйғарымға келді. Өңірде ауаны ластайтын зиянды заттардың 80%-і 5 ірі кәсіпорыннан тарайды. Бұдан бөлек, Жезқазғанның кәріз суын тазарту жүйесі әбден тозған. Ауызсудың да сапасы сын көтермейді. Кеңгір су қоймасының астындағы шөгінділер 30 жылдан бері тазартылмаған. Былтыр облыстың кейбір бөлігін экологиялық апат аймағы деп тану үшін арнайы зерттеу жұмыстары басталған. Оның қорытындысы жыл соңында белгілі болады.

Ерболат Сатыбалдин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: - Бұл мәселелердің шешу жолдары заңдарға өзгерту енгізу ғана емес, қаражаттың мәселесі де бар. Өндірістік қалдықтарды жинаған орын, сол жердің шаң-тозаңы көтеріліп, Жезқазған қаласының ауа райына және Кеңгір су қоймасының суына араласу фактілері бар. Бұдан бөлек, ірілі-ұсақты бірнеше мәселе бар. Осы сұрақтар комитеттің отырысында талқыланып жатыр. Комитеттің отырысынан кейін Үкіметке белгілі бір тұжырымдама дайындалады. Кейін ол Үкіметтің әрі қарай жұмыс атқаруы үшін негіз болады.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары