русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 30.04.2024

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і кәріз суын тазартатын жаңа кешеннің құрылысы аяқталуға жақын. Нысан іске қосылса тәулігіне 50 мың текше метр қалдық суды қайта өңдей алады. Енді қаладағы кәріз жүйесіне қосылатын аумақ көлемі 60%-ға жетеді. Бұған дейін тәулігіне 150 мың текше метр қалдық су тазартылатын. Енді өңдеу қуаты тағы 50 мыңға артатын болады.

Жанатбек Тұрдалиев,

Су ресурстары компаниясы басшысының орынбасары:

-         Осыдан 2 жыл бұрын Үкіметтің Қазақстанның 69 қаласында тазарту қондырғыларын бастау, ескісін қайта құру жөнінде бағдарлама қабылданған. Соның аясында біздің Шымкент қаласындағы тазарту қондырғыларының тәулігіне 50 мың кубқа арттыру бойынша жоба енген болатын. Бұл жобаны қаржыландыру  Еуропалық қайта құру және даму банкінің, ҚР Үкіметінің субсидиясынан қаржыландыру көзделген.

Тазарту қондырғыларының қуатын 200 мың текше метрге дейін арттыру жобаланған. 2026 жылға дейін суларды тазарту жөніндегі проблема толық шешіледі. Осылайша мегаполистегі құрылысқа 3 млрд 700 миллион теңге бағытталды.

 Майра Қарасаева, Еуропалық қайта құру және даму банкінің өкілі:

- Бұл бағдарлама қалаларға инвестиция тартып, реформа арқылы экологиялық мәселелерді шешуге көмектеседі. Жалпы біздің банк 2025 жылға дейін Қазақстанда және басқа елдерде жасыл жобаларға үлкен көңіл бөлеміз.

Қазір Шымкенттегі тұрғын үйлердің 46% кәріз жүйесіне қосылған. Жаңа нысан пайдалануға берілсе, көрсеткіш 60%-ке жетеді. Ал мәселені түбегейлі шешу үшін бас жоспарға толықтырулар енгізілді. Осылайша алдағы үш жылдың ішінде 350 мың текше метр қалдық суын тазартатын тағы бір ірі нысан салынбақ. Ал қайта тұндырылған судың өзі техникалық мақсатта шаруашылыққа пайдаланылады.  


«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Су есептегіш шеберханасы: 373-362, 375-457
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары