Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары
новость от 25.09.2025
Іс-шараға: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің вице-министрі Жаннат Дубирова, , «ТКШ жаңғырту және дамыту жөніндегі қазақстандық орталық» АҚ және қоғамдық ұйымдар мен комитеттердің өкілдері қатысуда. Veolia, Aqualia және SUEZ сияқты ірі шетелдік компаниялардың өкілдері арнайы қонақтар қатарында болды.
Семинарда талқыланатын негізгі тақырыптар: Қазақстанның сумен жабдықтау және су бұру саласын цифрландыру мен автоматтандыруды және осы салаға жасанды интеллектті енгізу. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру. «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-нің бас директоры Анарбек Орман кәсіпорында қабылданған цифрлық шешімдер, технологиялық процестерді автоматтандыру және соның нәтижесінде алынған оң әсерлер туралы баяндап берді. Семинарға қатысушылар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің объектілерінде барып, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде, сондай-ақ тазарту құрылыстары кешенінде енгізілген технологиялармен егжей-тегжейлі танысатын болады. Шетелдік операторлар өздерінің жетістіктері, технологиялары және ынтымақтастықты болдырудың тәсілдері туралы айтып берді.
Семинар-кеңес ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауынан кейін өткізілді. Өздеріңіз білетіндей, ол ТКШ секторына үлкен көңіл бөлді.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
31.3%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.2%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
18.7%
БАҚ
15.7%
Басқа
15.7%
барлық дауыс: 7002
дауыс мұрағаты