русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 26.09.2025

"Цифрлық құралдар су инфрақұрылымын жаңа басқару моделі ретінде" республикалық семинар-кеңестің панельдік сессиясының екінші бөлімі жобаларды қаржыландыруға арналды. Бас спикерлер ретінде халықаралық қаржы ұйымдарының - Дүниежүзілік банк пен Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің өкілдері сөз сөйледі. Қорытынды сөзді "ТКШ жаңғырту және дамыту жөніндегі қазақстандық орталық"АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Солтамбеков сөйледі. Ол энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру туралы айтты.
 Жүкенов Ілияс 
Дүниежүзілік Банктің су ресурстары жөніндегі тобының елдік бағдарламасының үйлестірушісі банк сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жаһандық инфрақұрылымдық жобаларды шешу үшін ұсынатын елдік қаржы құралдары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. 
ЕҚДБ орнықты даму тобының Еуразия елдері бойынша инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары Бахтиер Файзиев су саласына цифрландыруды енгізу тәжірибесімен бөлісті. Қазақстандағы басты және табысты кәсіпорынның бірі "Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС болды. Кәсіпорын 2009 жылдан бастап Банктің серіктесі болып табылады. Бұл ЕҚДБ-ның біздің еліміздегі сумен жабдықтау және су бұру саласындағы алғашқы жобасы болды. Уақыт көрсеткендей, Шымкент кәсіпорны-сенімді серіктес! Ынтымақтастық кезеңінде 60 миллион еуродан астам сомаға 6 клісім шарт жасалды. Бүгінгіге дейін 42 миллионы қайтарылды, кешіктірулер мен үзілістер жоқ. Маңызды факт: несиелер мемлекеттік кепілдіксіз алынған! Ең бастысы "Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС,  ЕҚДБ-дан алынған қаражатты тиімді жұмсады. Несиелер өндірістік процестерге автоматтандыру мен цифрландыруды енгізуге, желілерді жаңартуға, биогаз қондырғысын салуға, тазарту құрылыстары кешенінің қуатын кеңейтуге және жаңғыртуға көмектесті. Бұл дегеніміз  жеке сумен жабдықтау және су бұру операторының жұмысы дұрыс басқарумен өте тиімді болуы мүмкін екенін көрсетеді. Мемлекеттік бюджет үшін жүктеме жоқ, ал халық үшін тариф- ел бойынша орташа. Спикер банк мұндай тез оң нәтиже күтпегенін ерекше атап өтті. 
Семинарды "ТКШ жаңғырту және дамыту жөніндегі қазақстандық орталық" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Солтамбековтың баяндамасы аяқтады. Спикер сумен жабдықтау және су бұру саласындағы ағымдағы ахуал туралы хабарлады, инженерлік желілер мен тазарту құрылыстары кешендерінің тозғанын, бақылау өлшеу аспаптары мен автоматты басқару жүйелерінің жоқтығын атап өтті. Нұрлан Қожахметұлы қазіргі мәселелерді шешуге бағытталған Қазақстанның энергетикалық және коммуналдық секторларын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруға ерекше тоқталды. "ТКШ жаңғырту және дамыту жөніндегі қазақстандық орталық" АҚ Ұлттық жобаның техникалық операторы болып табылады. Яғни, инфрақұрылымдық жаңартуларды жүргізуге өтінімдерді қабылдау, оларды бағалау және іске асыру жөніндегі барлық жұмыс осы ұйыммен келісіледі және қадағаланады. Спикер техникалық оператор сумен жабдықтау және су бұру операторларына барлық жобалар бойынша қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Технологиялық процестерді басқарудың автоматты жүйелерін құруға ерекше назар аударылатын болады. Маңызды мәселе - МЭКС ұлттық жобасын іске асыру процесіне отандық тауар өндірушілер тартылатын болады.
«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары