Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 26.09.2025
Сапардың басты мақсаты - Шымкент кәсіпорнының жетістіктерімен танысу.
Қазіргі уақытта барлық дерлік технологиялық процестер автоматтандырылған және цифрландырылған. Бұл -суды өндіру және тасымалдау, оны қысымды қашықтықтан реттеу мүмкіндігі бар желілер арқылы тарату, су шығынын есепке алу, дренаждық жүйелерді автоматтандыру және ағынды суларды тазарту. Кәсіпорын қызметінде гео-ақпараттық жүйені және гидравликалық модельді қолдану және одан алынған оң әсерлері. Қазір «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС алдында барлық жергілікті автоматтандырылған жүйелерді бірыңғай SKADA-ға біріктіру міндеті тұр. Осы бағыттағы жұмыстар белсенді жүргізілуде, вице-министр бұл жобаны іске асыру туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Тұтастай алғанда, кәсіпорын автоматтандыру және цифрландыру бойынша энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаға енгізілген міндеттердің көбісін шешті.
Сондай-ақ, Жаннат Дубирова автоматтандырылған көп арналы су анализаторымен таныстырылды. Ол 30 минут ішінде төрт негізгі көрсеткіш бойынша ауыз су мен ағынды суларға талдау жасай алады.
Жаннат Балғабайқызы сапарға өте риза болды, ол өте пайдалы және танымды болды. Вице-министр кәсіпорын ұжымының қызметіне жоғары баға берді. Қажетті тәжірибені тарату бойынша «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-мен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылады.
дауыс беруБіздің сайт туралы кайдан білдіңіз?
Іздеу жүйелері
31.3%
Достарым, таныстарымның кеңесі бойынша
18.2%
есеп-хабарламадағы хабарламадан
18.7%
БАҚ
15.7%
Басқа
15.7%
барлық дауыс: 7002
дауыс мұрағаты