Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 23.12.2025
Тараптар сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымын жаңғыртуда қолданылатын заманауи технологияларды Шымкент қаласында іске қосу мәселелерін талқылады. Кездесу барысында қытайлық компанияның өндірістік тәжірибесі мен техникалық шешімдері таныстырылып, Қазақстандағы су шаруашылығы саласында бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Анарбек Орман «Су ресурстары–Маркетинг» ЖШС үшін халықаралық серіктестік пен озық технологияларды тарту стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Өз кезегінде Чжоу Жиган қазақстандық кәсіпорынмен ынтымақтастық орнатуға және ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға дайын екенін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта өзара тәжірибе алмасу мен бірлескен жобаларды пысықтауға келісті.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
36.1%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
22.1%
Жолым түскенде төлеймін
20.0%
Төлемегеніме көп уақыт болды
21.5%
барлық дауыс: 6658
дауыс мұрағаты







