Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 29.12.2025
Кездесу барысында GUYJUN Ecological Technology Co., Ltd. компаниясының директор орынбасары әрі ағын суларды тазарту жөніндегі инженері Фан Сяофэнь қатысты.
Тараптар сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымын жаңғыртуда қолданылатын заманауи экологиялық технологияларды Шымкент қаласында енгізу мәселелерін талқылады. Кездесуге қытайлық компанияның ағын суларды тазалау саласындағы өндірістік тәжірибесі мен техникалық шешімдері таныстырылып, Қазақстандағы су шаруашылығы саласында бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Анарбек Орман «Су ресурстары–Маркетинг» ЖШС үшін халықаралық серіктестік пен озық экологиялық технологияларды тарту стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Өз кезегінде Фан Сяофэнь қазақстандық кәсіпорынмен ынтымақтастық орнатуға және ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға дайын екенін білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта өзара тәжірибе алмасу мен бірлескен жобаларды пысықтауға келісті.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
36.1%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
22.1%
Жолым түскенде төлеймін
20.0%
Төлемегеніме көп уақыт болды
21.5%
барлық дауыс: 6658
дауыс мұрағаты







