русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 17.03.2026

Ақпан айының басында Бадам өзені үлкен қауіпке ұшырады: құрамында сульфат мөлшері жоғары 100 текше метрден астам өнеркәсіптік ағынды су өзенге төгілген. Бұл заттар су экожүйесі мен тіршілік иелері үшін аса улы болып табылады. Соның салдарынан экологтар шамамен 900 килограмм өлі балық жинады. Бұл жағдай өзен экожүйесіне орасан зиян келтірді. Аталған дерек бойынша қалалық экология департаменті тарапынан тексеру басталды.

 Жаңа индустриялық аймақтардың құрылуы мен инвестиция тарту, сөзсіз, қаланың экономикасын нығайтып, өнеркәсіптің дамуына серпін береді. Алайда экономикалық өсіммен бірге кәсіпорындардың жауапкершілігі де арта түседі. Экологиялық және санитарлық нормалардың сақталуын қатаң бақылау — заңнаманың міндетті талабы әрі қалалық ортада өнеркәсіптің қауіпсіз жұмыс істеуінің негізгі шарты.

 Бүгінде «Ордабасы» индустриялық аймағында 146 кәсіпорын жұмыс істейді. Ал «Оңтүстік» индустриялық аймағында 99 кәсіпорын бар, олардың 64-і ғана «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-мен ағынды суларды қабылдау және бақылау бойынша келісімшарт жасаған. Арнайы экономикалық аймақта орналасқан 26 кәсіпорынның тек 12-сі ғана келісімшартқа отырған.

 «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-нің сынақ зертханасы ауыз су мен ағынды судың сапасына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, олардың қауіпсіздігі мен белгіленген нормаларға сәйкестігін бақылауды қамтамасыз етеді. Зертхана мамандары жүйелі түрде химиялық талдаулар жүргізіп, ағынды сулардағы ластаушы заттардың шамадан тыс мөлшерін дер кезінде анықтайды.

 «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС сынақ зертханасының мониторинг деректеріне сәйкес, қаңтар–ақпан айлары аралығында «Ордабасы» индустриялық аймағында жүргізілген өнеркәсіптік ағынды сулардың химиялық талдауы кейбір күндері ХПК көрсеткішінің (химиялық оттегі тұтынуы) және басқа да көрсеткіштердің едәуір артуын тіркеген.

 Ағынды сулардағы ХПК көрсеткішінің жоғары болуы — суда зиянды заттардың мөлшері көп екенін білдіретін маңызды белгі. Бұл көрсеткіштің жоғары болуы су құрамында көп мөлшерде органикалық ластаушылар бар екенін көрсетеді. Мұндай заттар табиғи су айдындарына түскен жағдайда экожүйенің жағдайын күрт нашарлатып, судағы тірі ағзалардың жаппай қырылуына әкелуі мүмкін.

 Сонымен қатар, осы индустриялық аймақтағы санаулы кәсіпорындарда жергілікті тазарту құрылыстары (ЛОС) әлі күнге дейін орнатылмағанын атап өткен жөн.

 

«Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС экологиялық қауіпсіздіктің негізгі шараларының бірі ретінде өнеркәсіптік кәсіпорындарда жергілікті тазарту құрылыстарын орнатуды, сондай-ақ ағынды суларды бақылау датчиктерін енгізуді ерекше атап өтеді. Мұндай датчиктер нақты уақыт режимінде ластану деңгейін анықтап, улы заттардың қалалық кәріз жүйесіне және табиғи су айдындарына түсуінің алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіпорындарға кез келген ауытқуларға жедел әрекет етуге жағдай жасайды.

 

Бадам өзенінде орын алған жағдай экологиялық талаптарды елемеу ауыр салдарға әкелетінін айқын көрсетті. Жергілікті тазарту құрылыстарын орнату, ағынды суларды бақылау датчиктерін енгізу, бизнес өкілдерінің жауапкершілігі және мемлекеттік органдардың қатаң бақылауы біріге отырып қана өзендерді, жерасты суларын және Шымкент қаласы тұрғындарының денсаулығын сенімді қорғауға мүмкіндік береді.

 

«Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС қаладағы барлық өнеркәсіптік кәсіпорындарды экологиялық нормаларды сақтауға, қоршаған ортаны қорғау мәселесіне жауапкершілікпен қарауға және ағынды суларды бақылаудың заманауи жүйелерін енгізуге шақырады.

 

Тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, су ресурстарын болашақ ұрпақ үшін сақтап қалуға болады.
«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары