русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Қазақстан жаңалықтары

новость от 13.04.2026

Су ресурстары және ирригация министрлігі Тасөткел су қоймасынан Шу өзені арқылы Түркістан облысының Созақ ауданына экологиялық мақсатта су жіберу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бүгінгі таңда Созақ ауданына 950 млн текше метр су жіберілді.

Бұл су жіберу шаралары Созақ ауданының экожүйесін қолдау және сақтау үшін қажет. Су құм мен тұзды шаңның көтерілуіне жол бермейді, сондай-ақ мал шаруашылығы үшін жем-шөп қорын жақсартуға мүмкіндік береді. 

Бұған дейін экологиялық су жіберудің тиімділігін арттыру және су шығынын азайту мақсатында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасымен ұзындығы 120 шақырым, ені 30-40 метр болатын Фурманов айналма каналына соңғы 40 жылда алғаш рет механикалық тазарту жұмыстары жүргізілген болатын. Нысандағы жұмыстар былтыр шілде айында басталып, желтоқсан айының соңында аяқталды.

Қылышбай, Құмөзек, Қарабөгет және Сарыөзек елді мекендерінің бойымен өтетін бұл каналдың су өткізу қуаты секундына 45-50 текше метр. Қазіргі уақытта Фурманов гидроторабынан Шу өзені арқылы секундына 105 текше метр су жіберіліп жатыр. Оның секундына 38 текше метрі Фурманов айналма каналы арқылы Созақ ауданына бағытталып отыр.

«Созақ ауданының тұрғындары судың келуін көптен бері армандаған болатын. Ауданымыз аграрлы аймақ болғандықтан, Шу өзені арқылы келетін су біз үшін өте қажет. Себебі біз мал шаруашылығына мал азығын дайындаймыз. Сонымен қатар Шу өзені суының келуі экологиялық тұрғыдан да тиімді. Егер су келмесе, оның табанынан тұз бен сор көтеріліп, елге зиян келтіреді», – деді Созақ аудандық мәслихатының төрағасы Ордабек Жәмиев.

Жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша «Қазсушар» РМК «Су-метрология» филиалының мамандары су деңгейін бақылау үшін көпірлердің біріне гидрометриялық рейка орнатты. Қазіргі таңда су ағыны Созақ ауданындағы Тасты елді мекенінен өтіп, қосымша 12 шақырым қашықты еңсерген.

«Былтыр Су ресурстары және ирригация министрлігі Фурманов айналма каналын тазарту жұмыстарын жүргізді. Соның нәтижесінде бізге су тұрақты түрде келіп жатыр. Су каналдың соңына дейін жылдам әрі ысырапсыз жетіп отыр. Қазір экологиялық зардаптар азайып, тіпті кейбіреулері толық жойылды деп айтуға болады. Халық атынан шексіз алғыс айтамын», – деді Созақ ауданының тұрғыны Алтай Сәрсен.

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары