Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 23.04.2026
2026 жылғы 21
сәуірде сағат 11:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде
2026-2031 жылдарға арналған «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС тарату желілері
бойынша су беру және ағынды суларды бұру бойынша қызметтерге тарифтер мен тарифтік
смета жобасын қарау жөнінде жария тыңдау өтті.
Тыңдауға
Департамент басшысы Қ. Көшекбаев, бас маман Қ. Қонрат, ЖШС басшысының орынбасары
Ж. Тұрдалиев, ЖШС-тің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы О.
Онланов, Шымкент қаласы бойынша тарифтік саясат жөніндегі кеңес жанындағы
табиғи монополиялар салаларындағы тариф белгілеу мәселелері жөніндегі өңірлік
комиссияның мүшелері– «Ардагер-Оңтүстік» тұтынушылардың құқықтарын қорғау
қоғамы» ҚБ басшысы Караменов Төлебай Қалқабайұлы, «Жеті отау» ҚБ мүшесі Алсерке Ибрахим, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы»-ның
төрағасы Төлентаев Бегім Төлентайұлы, «Amanat» партиясының өкілі Ж.Раев және
көше мен үй комитеттерінің төрағалары қатысты.
ЖШС басшысының
орынбасары Ж. Тұрдалиев 2026-2031 жылдарға арналған тарату желілері бойынша су
беру және ағынды суларды бұру бойынша қызметтерге тарифтер мен тарифтік сметаны
бекітуге арналған өтінімдерде шығындар мен ұсынылған тарифтердің өзгеруінің
себептері туралы баяндады. Ол сондай-ақ 2026-2031 жылдарға арналған
инвестициялық бағдарлама Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша
департаменті және Шымкент қаласы
әкімдігінің бірлескен бұйрығымен 37,1 млрд теңге сомасына бекітілгенін айтып
өтті.
Тыңдау барысында зақымдану
мен судың ағып кетуіне байланысты маңызды инфрақұрылымдық проблемалар
туындайтыны атап өтілді: жолдар мен ғимараттардың іргетастары шайылып кетіп
жатыр, көппәтерлі тұрғын үйлердің жертөлелерін су басуда. Атап айтқанда:
су құбырының жарылуынан
26 тұрғын үй қирады;
кәріз
коллекторының опырылуы салдарынан 15 тұрғын үй қирады;
39 көппәтерлі
тұрғын үйдің жертөлелері су астында қалды;
жыл сайын асфальт
төсемі зақымдануының 563 жағдайы тіркеледі.
Осыған байланысты
инженерлік коммуникацияларды жөндеу шығындары артып келеді. Тұтынушылар мен
ұйымдардың қаржылық ресурстары шын мәнінде сумен бірге «ағып кетеді», ал тозған
құбырларды қайта-қайта жөндеу едәуір шығындар мен сумен жабдықтауда іркілістер
тудырады.
Тозған құбырларды
ауыстыру айтарлықтай экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік беретіні
атап өтілді: судың ағып кетуі және оны төлеуге кететін шығындар азаяды, ал
мұндай іс-шаралардың өтелу мерзімі орта есеппен 7-10 жылды құрайды.
Кәсіпорын сумен
жабдықтау жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске
асыруда. 100% суды есепке алу, ұзындығы 1154,6 км су құбыры желілерін қайта
құру және су жинақтағыш құрылыстарын жаңғырту арқасында бір адамға суды тұтыну
тәулігіне 456 л-ден тәулігіне 125 л-ге дейін азайды. Нәтижесінде Шымкент қаласы
халқының 87,5 млрд теңгені құрады қаражаты үнемделді. Суды нақты тұтынуды
есепке алу сумен жабдықтау қызметтеріне ақы төлеу шығындарын бір адамға 1,7
есеге төмендетуге мүмкіндік берді.
«Су ресурстары –
Маркетинг» ЖШС-гі 28 жыл бойы Шымкент
қаласы тұрғындары мен Сайрам ауданының халық
саны 1 млн. астам бірқатар елді мекендерін шаруашылық-ауыз сумен
үздіксіз қамтамасыз етеді, сонымен қатар ағынды суларды толық тазартумен су
бұру бойынша қызметтер көрсетеді.
Кәсіпорын өз
қызметін тиімді негізде жүзеге асырады. Бухгалтерлік есеп және қаржылық
есептілік халықаралық стандарттарға (ҚЕХС) сәйкес жүргізіледі. Жылдық салық
аударымдары жылдық табыстың шамамен 15,8%-ын құрайды. Құрылған сәттен бастап
2025 жылға дейін 21,3 млрд теңге сомасына салық есептелді.
2009 жылдан
бастап кәсіпорын сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне инвестициялар тарту
шеңберінде Еуропалық Қайта Құру және даму банкімен ынтымақтасуда. 2009-2022 жылдар
аралығында жалпы сомасы 60,3 млн еуро, жылына 4,5% мөлшерлемесімен мерзімі 13
жылға 6 несиелік келісімге қол қойылды. Барлық міндеттемелер уақтылы және толық
көлемде орындалуда, бүгінгі күні 43,9 млн еуро өтелді.
Сондай – ақ,
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Еуропалық Қайта Құру және даму банкі және
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС арасындағы үшжақты келісім аясында «Нұрлы Жол»
бағдарламасы бойынша кәсіпорынға 6,2 млрд теңге көлемінде мемлекеттік
субсидиялар берілді.
Айта кету қажет,
2002-2025 жылдар аралығында кәсіпорынның құрылысқа, қайта құруға, жаңғыртуға, цифрлық
технологияларды енгізу және негізгі қорларды жаңартуға инвестициялардың жыл
сайынғы көлемі орта есеппен 2,4 млрд теңгені құрайды.
Электр энергиясын
ұтымды пайдалануға бағытталған тиімді технологиялық шешімдерді енгізудің
арқасында, сондай-ақ қолданыстағы сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін қайта
құру және жаңғырту есебінен 28 жыл ішінде 940,9 млн кВт•сағ электр энергиясы
үнемделді, бұл ақшалай мәнде 38 993 млн теңгені құрайды.
Су тұтынуды
есепке алу жүйесін жетілдіру үшін мынадай іс-шаралар іске асырылуда:
273 369 тұтынушы
— жеке тұлғалар есепке алудың жеке
құралдарымен 100% қамтылған; жыл сайын тексеру аралығының мерзімі аяқталғаннан
кейін шамамен 50 мың аспап жаңартылады;
барлық 5 222 үйге
ортақ есептеу аспаптары 100% көрсеткіштерді қашықтықтан түсіру жүйесімен
жабдықталған;
9 470 тұтынушы — заңды
тұлғалардың 96%-ы көрсеткіштерді
қашықтан түсіру жүйесімен жабыдқталған;
Орнатылды:
Суды есептеу
аспаптарынан деректерді қашықтықтан беруге арналған жабдықтың 677 бірлігі;
Электрондық
басқару функциясы бар 7 835 "Goldcard" смарт-есептегіші (экономикалық
тиімділігі 957,6 млн теңгені құрайды);
Электрондық
басқару функциясы бар 1 393 «ICcard» смарт-есептегіші.
Суды 100% есепке алу, су құбыры желілерін қайта құру
және жаңғырту, сондай-ақ заманауи технологияларды енгізу есебінен 1998 жылмен
салыстырғанда су шығыны 42,13% - дан 16,93% -ға дейін төмендеді. Нәтижесінде 28
жыл ішінде 472 млн м3 су үнемделді.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС басшысының
орынбасары сондай — ақ сумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейін 2030 жылға
қарай 55% -дан 35% -ға дейін, ал ағынды суларды бұру қызметі бойынша - 71% -дан
47% -ға дейін төмендету жоспарланып отырғанын айтып өтті.
Атаулы жалақының орташа деңгейі туралы
статистикалық деректерге сәйкес тарифтік сметалар жобасында әкімшілік персонал
үшін 352 224 теңге, өндірістік персонал үшін — 330 305 теңге мөлшерінде жалақы
қарастырылған.
Шымкент қаласы
бойынша тарифтік саясат жөніндегі кеңес жанындағы табиғи монополиялар
салаларындағы тариф белгілеу мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның мүшелері
«Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-нің қызметін оң бағалады және инвестициялық бағдарламаны
бекітуді қолдады.
Департамент
басшысы Қ. Көшекбаев Департамент өтінімді бір ай ішінде қарайтынын және шешім
қабылдау кезінде келіп түскен ұсыныстар ескерілетінін атап өтті.
Жария тыңдау
барысында қатысушылар сұрақтар қоюға, сондай-ақ ұсыныстар мен ескертулер
енгізуге мүмкіндік алды. Іс-шара офлайн
форматта өтті, сонымен қатар Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі
ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.
барлық дауыс: 8687
дауыс мұрағаты







