Жаңалық - Компания жаңалықтары
новость от 12.06.2026
Шымкент қаласындағы Жангелдин көшесінде диаметрі 1200 мм болатын кәріз коллекторын санациялау әдісімен қалпына келтіру жұмыстары сәтті аяқталды.
«Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС мамандары жол жабынын қазбай-ақ тозған құбырларды қалпына келтіруге мүмкіндік беретін Қытайдың Hebei HUANSHUI Pipe Industry Co., Ltd. компаниясының заманауи технологиясын қолданды. Қолданыстағы құдық арқылы ескі құбырдың ішіне полимерлік таспа енгізіліп, жаңа әрі берік құрылым қалыптастырылды.
Кәсіпорын қызметкерлерінің кәсібилігі мен жауапкершілігінің арқасында жұмыстар сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалды. Бұл әдіс тұрғындар мен көлік қозғалысына қолайсыздық туғызбайды, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымды жөндеу және қалпына келтіру шығындарын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.







