Есептер -- Ішкі аудит қорытындысы
Бекітемін
«Су ресурстары-Маркетинг»ЖШС
бас директоры
________________А.О.Орман
2025ж.
«Су ресурстары - Маркетинг» ЖШС-де 09.06.2025ж. - 18.06.2025ж. аралығында
МБЖ ішкі аудитін және екінші тараптың аудитін жүргізу туралы
Есеп беру
Есептің құрылымы:
1. Ішкі аудит нәтижелері.
1.1.Ішкі аудит бойынша сәйкессіздіктері. Түзету.
2. Түзету әрекеттері және қызметті жақсарту.
3. Қорытынды.
1. Ішкі аудит нәтижелері
2025 жылға арналған бекітілген аудит жүргізу жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 09-13 маусым аралығында «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС бөлімшелерінде біріктірілген менеджмент жүйесінің (бұдан әрі - БМЖ) ішкі аудиті және аутсорсингтік компанияларда 16.06.2025 жылдан бастап 18.06.2025 жылға дейінгі екінші тараптың аудиті жүргізілді. Аудиттердің мақсаты - «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-де біріктірілген (бұдан әрі Серіктестік) ИСО 9001:2015, ИСО 14001:2015 және ИСО 45001:2018 сапа менеджменті, экологиялық менеджмент және кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйелерінің халықаралық стандарттардың талаптарына Серіктестік бөлімшелерінде сәйкестігін растау және аусорсингтік компаниялардың осы талаптарды орындау дәрежесі болып табылады.
Аудит барысында Серіктестіктің 17 бөлімшесі мен 11 аутсорсингтік ұйым тексерілді. Сәйкессіздіктер туралы ішкі аудиттің 12 хаттамасы ресімделді.
Есеп жасалған 25.07.2025 ж. күнгі жағдай бойынша сәйкессіздік туралы ішкі аудиттің 11 хаттамасы орындалды. Бір хаттама бойынша 30.07.2025 жылға дейін газ анализаторларын сатып алу жоспарланды.
1.1. Ішкі аудит бойынша сәйкессіздіктер. Түзету.
Сапа менеджменті жүйесі бойынша – 4 сәйкессіздік
1.1. Ішкі аудит бойынша сәйкессіздіктер. Түзету.
Сапа менеджменті жүйесі бойынша – 4 сәйкессіздік
т.8.4.2 а МС ИСО 9001:2015-Бақылаудың түрі және дәрежесі бойынша - 2 сәйкессіздік
1.ӨТБ-де - ӨТБ қызметкерлерінің тексеруі кезінде ЖАЖ мен ЖАТ орындауындағы анықталған сәйкессіздіктердің орындалуын бақылау бойынша растайтын жазбалар ұсынылмаған
Түзету - 2025 ж. қаңтар айынан мамыр айына дейін ПСК-003-02 нысаны бойынша ЖАТ және ЖАЖ тексеру бойынша тексеру актілері толтырылды.
Түзету бойынша іс-шаралар орындалды (п.2)
2.ЕҚ және ТҚ бойынша жетекші инженер - Ішкі аудитті жүргізу кезінде көптеген мердігерлік ұйымдар мен өндірістік учаскелерде қауіптілігі жоғары жұмыстарды орындауға рұқсат-нарядтарды ресімдеу бойынша сәйкессіздіктер анықталды. Түзету іс-шаралары орындалды (2 т.)
т.7.5.3.1.а МС ИСО 9001:2015- Құжатталған ақпаратты басқару - 1 сәйкессіздік
Э және БЖ бөлімі - құжатталған ақпаратты жүргізуде бұзушылықтар анықталды.
Түзету:
1.Бөлімнің құжатталған ақпараты қалпына келтірілді.
2.Журналдар тігіліп және нөмірленді.
3.Кіріс хат-хабарларды орындау бойынша жазбалар жасалды.
КҚжДМЖ бойынша – 7 сәйкессіздік.
т. 8.1.1.с ИСО 45001-20018 – Жұмысты жоспарлау және басқару. Жалпы ережелері - 4 сәйкессіздік.
1) Кәріз желілерін пайдалану учаскесі - қауіптілігі жоғары жұмыстарды орындауға рұқсат - нарядтарында жұмыстардың атауы, оларды өткізу орны көрсетілмеген.
Түзету: 2025 жылғы рұқсат-нарядына жұмыстардың атаулары мен жұмыстарды жүргізу орындары бойынша ақпарат енгізілді.
2) Абай ауданының су құбыры желілерін пайдалану учаскесі - Наряд-рұқсаттар қағаз жүзінде ғана ресімделеді. Ұсынылған құжаттама бойынша қауіптілігі жоғары жағдайларда жұмыстарды жүргізуге рұқсат-наряд жұмыстар жүргізілгеннен кейін беріледі.
Түзету іс-шаралары орындалды (2 т.)
3) Еңбекші ауданының су құбыры желілерін пайдалану учаскесі- Қауіптілігі жоғары жұмыстарды орындауға рұқсат – нарядтар бір аптаға беріледі, бірақ, жоспар бойынша апта бойы көзделген жұмыстарды жүргізу орны мен атаулары бойынша жазбалар жоқ.
Түзету: 2025 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында өткізу орындары мен жұмыс түрлері бойынша рұқсат-нарядтарға жазбалар енгізілді.
4) Тассай су қабылдағышы - Тексеру кезінде 2025 жылға арналған ЖАЖ кестесіне сәйкес қауіптілігі жоғары жұмыстарды орындауға рұқсат-нарядтар жасалмаған.
Түзету: 14.06.2025ж. бастап қауіптілігі жоғары жұмыстарға рұқсат-нарядтар ресімделе бастады.
т.8.1.2.d ИСО 45001:2018 КҚжД қауіптері мен тәуекелдерін жою және азайту- 3 сәйкессіздік.
1)Бас энергетик
- «Жұмыс орнындағы нұсқама» журналында 2025 жылғы 1 тоқсандағы нұсқама өткізу туралы жазбалар болған жоқ.
- «жұмыс орнында оқыту» журналында оқыту бағдарламасына сәйкес 2025 жылы КИПиА машинистерін оқытуды өткізу туралы жазбалар болған жоқ.
Түзету:
1.2025 жылғы 1 тоқсан және 2 тоқсан үшін жұмыс орнында Нұсқама жүргізілді. Тиісті жазбалар «жұмыс орнындағы нұсқама» журналына енгізілді
2.КИПиА машинистерін оқытуды өткізу туралы жазбалар енгізумен оқыту журналы толтырылды.
2) Кәріз желілерін пайдалану учаскесі - «Жұмыс орнындағы Нұсқама» журналы ұсынылмады.
Түзету:
1.Жұмыс орнындағы Нұсқама журналы қалпына келтірілді.
2. 2025 жылдың 1-2 тоқсанында жұмыс орнында нұсқаулық өткізу туралы жазбалары жасалды.
3)Абай ауданының су құбыры желілерін пайдалану учаскесі - Жұмыс орнында тоқсан сайынғы нұсқамалар уақтылы өткізілмейді. Ұсынылған құжаттама бойынша 1 тоқсанда жұмыс орнында Нұсқама -12.02.2025 ж. өткізілді.
Түзету әрекеттері орындалды. (2т.)
Экология менеджменті жүйесі бойынша- 1 сәйкессіздік.
1. Кәріз желілерін пайдалану учаскесі - Өндірістік қалдықтар мен ҚТҚ-ды уақытша сақтауға арналған алаң жабдықталмаған, ЖЖМ пайдаланған шүберектерді сақтауға арналған сыйымдылықтар жоқ.
Түзету:
1. Өндірістік қалдықтарды уақытша сақтау схемасы бекітілді.
2. Схемаға сәйкес өндірістік қалдықтарды уақытша сақтауға арналған сыйымдылықтар орнатылды.
2. Түзету әрекеттері және қызметті жақсарту.
2024-2025 жылдары қайталанатын сәйкессіздіктер бойынша түзету іс-шараларының жоспары әзірленді және орындалды - ЖАТ және ЖАЖ бойынша анықталған сәйкессіздіктердің орындалуын ӨТБ тарапынан бақылаудың болмауы, сондай-ақ пайдалану мердігерлік ұйымдарының мен өндірістік учаскелердің ЖАТ және ЖАЖ-ді (бұдан әрі- Жоспар) орындау бойынша есептерді дұрыс ұсынуын бақылаудың жеткіліксіздігі. Жоспарға сәйкес келесі іс шаралар орындалды:
2. Түзету әрекеттері және қызметті жақсарту.
2024-2025 жылдары қайталанатын сәйкессіздіктер бойынша түзету іс-шараларының жоспары әзірленді және орындалды - ЖАТ және ЖАЖ бойынша анықталған сәйкессіздіктердің орындалуын ӨТБ тарапынан бақылаудың болмауы, сондай-ақ пайдалану мердігерлік ұйымдарының мен өндірістік учаскелердің ЖАТ және ЖАЖ-ді (бұдан әрі- Жоспар) орындау бойынша есептерді дұрыс ұсынуын бақылаудың жеткіліксіздігі. Жоспарға сәйкес келесі іс шаралар орындалды:
1. ПСК-003 «Сәйкес келмейтін өнімдер мен қызметтерді басқару. Түзету әрекеттері» процедурасының талаптарын орындау бойынша ӨТБ-нің жауапты қызметкерлерін оқыту жүргізілді.
2. ӨТБ қызметкерлерінің пайдалану және өндірістік учаскелерде ЖАТ және ЖАЖ орындалуын тексеруі және белгіленген талаптарға сәйкес міндетті құжатталған ақпаратты жүргізуі бойынша мерзімді бақылауды жүргізу үшін жауапты тағайындалды.
3. ЖАТ және ЖАЖ орындалуын бақылау бойынша құжатталған ақпараттың жүргізілуін тексеру кестесі жасалды.
Қолда бар газ талдағыштардың жарамсыздығына байланысты 2025 жылғы шілде-тамыз айларында газ талдағыштарды сатып алу жоспарланды.
Мердігерлік ұйымдарда жоғары қауіпті жұмыстарға рұқсат - нарядтарды ресімдеу бойынша көптеген сәйкессіздіктер бойынша түзету әрекеттері ретінде мынадай іс-шаралар орындалды:
1. КҚжДМЖ бойынша жауапты барлық мердігерлік ұйымдар үшін наряд-рұқсаттардың үлгілерін әзірледі.
2. КҚжДМЖ бойынша жауапты қауіптілігі жоғары жұмыстарға рұқсат-нарядтарды ресімдеу жөніндегі талаптарды түсіндіру бойынша оқыту жүргізді.
3. КҚжДМЖ бойынша жауапты ЕҚ және ТБ бойынша құжатталған ақпараттың болуына тексеру кестесін әзірледі.
4. Пайдалану учаскелерінің басшылары жоғары қауіпті жұмыстарға рұқсат-нарядтарды дұрыс ресімдеу бойынша оқыту жүргізді.
ТБ бойынша журналдарды жүргізудегі сәйкессіздіктерді түзету іс-шаралары ретінде бөлімше басшылары мен КҚжДМЖ бойынша жауапты тұлға мерзімді тексерулер жоспарлады.
Кәсіпорын қызметін жақсарту мақсатында аудит барысында келесі іс-шаралар орындалды:
1) Өндірістік қызмет мониторингінің нәтижелері бойынша қорытынды Нысаны және сапаны басқару бөлімінде оқу орталығын тексеру актісінің Нысаны әзірленді.
2) КИП және ТП АБЖ жабдықтарын, су қабылдағыштарын, су құбыры желілерін пайдалану жөніндегі ЖАТ және ЖАЖ есептердің нысандары түзетілді.
3) Заң бөлімімен НҚҚ тарату бойынша жұмыс түзетілді.
4) Бөлімшелерде НҚҚ өзектендіру жүргізілді.
5) Тассай су қабылдағышының қызметтік үй-жайларына жеңіл жөндеу жүргізілді.
6) Учаскелерде өндірістік қалдықтарды уақытша сақтау алаңдары қалпына келтірілді.
7) Төтенше жағдайдан болатын жағымсыз экологиялық әсерді азайтуды ескере отырып, оқу дабылдарының хаттамалары түзетілді.
3. Ішкі аудит бойынша қорытынды
Қорытынды: «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-гі бірінші және екінші Тараптың ішкі аудиті кезінде анықталған барлық сәйкессіздіктер елеусіз болып табылады. «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-дегі біріктірілген менеджмент жүйесі ИСО 9001:2015, ИСО 14001:2015; ИСО 45001:2018 талаптарына сәйкес келеді, тұрақты жақсарту қағидатына сәйкес әрекет етеді және дамиды және жалпы алғанда нәтижелі.
Есепті жасаған: Аудит тобының басшысы: Г.А.Муртазина
2025ж.
дауыс беруСумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне әр айдың 20-на дейін дұрыс төлеп тұрасыз ба?
Ия, әрдайым
37.9%
Жоқ, кейде тіпті ұмытып кетемін
20.8%
Жолым түскенде төлеймін
20.6%
Төлемегеніме көп уақыт болды
20.3%
барлық дауыс: 5996
дауыс мұрағаты