русский / қазақ
"Су ресурстары - Маркетинг" ЖШС-і
+7 (7252) 321-275Жедел желі+7 (7252) 321-274Диспетчерлік қызмет

Жаңалық - Компания жаңалықтары

новость от 29.09.2025

«Цифрлық құралдар су инфрақұрылымын жаңаша басқару моделі ретінде» республикалық семинар-кеңестің екінші күні қатысушыларды толықтай «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС қызметімен таныстыруға арналды.

Семинарға қатысушылар, олардың қатарында: "Violia", Aqualia және SUEZ шетелдік басқарушы компанияларының, «Қазақстандық ТКШ жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ, облыстық және қалалық инфрақұрылым және энергетика, су арналары, жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізушілер басқармаларының, Қазақстан су арналары қауымдастығының және басқа да ұйымдардың өкілдері  Шымкент кәсіпорнының негізгі нысандарын аралады. Бұл орталық диспетчерлік қызмет, тазарту құрылыстары кешені, "Smart - маман" оқу орталығы, су құбыры және кәріз желілерін қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілетін орын, тазарту құрылыс кешендері.

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС мамандары технологиялық процестерді автоматтандыру және цифрландыру саласында жинақталған тәжірибелерімен қуана бөлісті. Қазіргі уақытта су қабылдағыш құрылыстары қуаттылығының тек 46%-ы ғана пайдаланылады. Кәсіпорын су қабылдағыштарды жаңғырту бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Бірінші көтергіш сорғы станцияларының энергия тұтынуын азайту үшін гидравликалық есептеулер жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша энергия үнемдейтін технологиялары бар заманауи сорғылар таңдалып, сатып алынды. Сонымен қатар, сифонды сорғы станцияларын салу жұмыстары жүргізілді. Бұл қондырғылар бір текше метр суды өндіруге және тасымалдауға энергия тұтынудың меншікті нормасын 0,8 кВт-тан, 0,06 кВт-қа дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Қашықтан іске қосу мүмкіндігімен жиілік түрлендіргіштері бар сорғы қондырғыларын басқару шкафтарын жаңғыртылды. Барлық ақпарат, соның ішінде: станцияларда өндірілген судың көлемі, ұңғымалардағы судың статистикалық және динамикалық деңгейлері, жұмыс істеп тұрған сорғы жабдықтарының кернеуі мен ток көрсеткіштері диспетчерлік қызметке түседі. Осылайша, штаттан тыс жағдайлар туындаған жағдайда диспетчерлер жедел шаралар қолдана алады.

Шымкент-күрделі рельефі бар қала, биіктік айырмашылықтары айтарлықтай байқалады, бұл басты проблемалардың бірі – сумен жабдықтау желілеріндегі артық қысымды білдіреді. Бұрынғыда бұл жарылыстарға,судың  ағып кетуі мен су шығынына әкелді. Кәсіпорын бұл мәселені қалай шешті? Бұл гидравликалық модель мен геоақпараттық жүйені енгізудің арқасында шешілді. Гидравликалық есептеулер жүргізіліп, біз қысым датчиктері орнатылған жерлерді анықтадық. Барлығы 206 дана. Олардың көрсеткіштері диспетчерлік бөлменің негізгі мониторына шығарылды . Деректер мобильді қосымша арқылы пайдалану учаскелерінің барлық басшыларына келіп түседі, қажет болған жағдайда артық және төмен су қысымын тұрақтандыру бойынша шұғыл шаралар қабылданады. Қысымды бақылау датчиктері үш режимде жұмыс істейді.

Келесі қадам - осал аймақтарда қысым реттегіштерін орнату. Олар автоматты режимде жұмыс істейді, яғни түнгі уақытта олардың көмегімен су беру төмендетіледі. Осы кезде пайда болатын артық су таза су резервуарларына төгіледі, олардың 7 дана және оларды толтыру туралы мәліметтер де негізгі мониторда көрсетіледі. Деңгейін басқару қашықтан жүзеге асырылады. Осылайша, желілерден артық «кернеу» алынып, резервуарлар толтырылады, жиналған көлем келесі күні пайдаланылады. Таңертең, белгіленген уақытта, қысым реттегіштері белгіленген режимде жұмыс істей бастайды. Жалпы, қаланың су құбыры желілерінде 275 реттеуші орнатылған. Соңғы уақытта диаметрі 1000 миллиметрге дейінгі құбырларға қысым реттегіштерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, магистральдық су құбырларында қашықтан басқарылатын 14 электр ысырмалары орнатылған.

Су бұру желілерінде цифрландыру мен автоматтандыруды енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Инженерлік инфрақұрылымға және тазарту құрылыстарының кешеніне зиянды заттардың рұқсат етілген концентрациядан асатын өнеркәсіптік ағынды сулар үлкен қауіп төндіреді. Бұл мәселені шешу үшін келесі қадамдар жасалды:

Ассенизаторлық машиналардан түсетін ағындарды тексеру үшін БПК және ХПК портативті  экспресс өлшегіштері пайдалануға берілді. Бұзушылықтар анықталған жағдайда ағындар қабылданбайды.

Өнеркәсіптік ағынды суларды мониторингілеудің автоматты жүйесі енгізілді.

БПК, ХПК, рН және ағынды суларда мұнай өнімдері мен ауыр металдардың болуын тәулік бойы бақылау үшін 2 бірлік автоматты талдағыштар және ағынды суларды бақылау үшін мониторинг станциясы (1 бірлік), ағынды суларды талдағыш қондырғысы пайдалануға беруге  дайындық үстінде. Аспаптар индустриялық аймақтарда және өнеркәсіптік кәсіпорындарда орнатылады.

Келешекте анықталған бұзушылықтар туралы деректерді су бұру операторына, салалы мемлекеттік органдарға және бұзушылық жіберген кәсіпорынға автоматты түрде беру көзделген.

«СР-М» ЖШС-нің сынақ зертханасымен талдаудың 4 түрі: ХПК, фосфаттың, аммиактың және нитриттің болуы бойынша ағынды суларға жедел талдау жүргізу үшін су сапасының автоматты көп арналы анализаторын пайдалануға енгізілді.

2029 жылға дейін ҚР энергетикалық және коммуналдық секторларын жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ауыз су мен ағынды суларға талдау жүргізуді толық автоматтандыру жоспарлануда.

Шымкент тазарту құрылыстарының кешені (ТҚК) тек Қазақстанда ғана емес, ТМД елдерінде де үздіктердің бірі болып саналады. Ол поляк технологиясы бойынша жаңартылды. Мұнда Орталық Азиядағы жалғыз биогаз қондырғысы (қуаты жылына 4,5 миллион кВт) жұмыс істейді, соның арқасында ТҚК электр энергиясына деген қажеттіліктің 50% - на дейін және жылу энергиясына 100% - ға дейін жабады. Қосымша генерацияны табиғи газбен жұмыс істейтін генераторлар және су электр станциясы береді. Жалпы алғанда, кешен өзінің электр энергиясын өндіру есебінен өзінің электр энергиясына деген қажеттілігінің 90% -ын жабады.

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС ТМД аумағында бірінші болып артық тұнбаны азайтуға және жағымсыз иісті жоюға бағытталған "Ydro Process" биотехнологиясын қолданды. Бүгінде бұл технологияны қолдану өз жемісін берді, артық щламның  95% -ы жойылуда, жағымсыз иіс жоқ, тұнба алаңдарында шөгінділерді көму қажеттілігі жойылды. «Ydro Process» енгізілуімен кәсіпорын жылына 200 миллионға жуық үнемдейді!

2022 жылдан бастап тазартылған ағынды сулар сақталатын Бөржар су жинақтағышында суды зерттеу жөніндегі Петропавл ғылыми-техникалық орталығы әзірлеген хлорелла штаммы қолданылады. Хлорелланың көмегімен  тазартылған ағынды суларды қосымша тазарту және дезинфекциялау, ихтиофаунаның дамуына ықпал ететін оттегінің бөлінуі жүргізіледі. Акваторияға әр түрлі балық түрлерінің 80 мың шабақтары шығарылды. Тазартылған ағынды сулар Ордабасы ауданында техникалық ауыл шаруашылығы дақылдарын суару үшін пайдаланылады. Хлорелланың арқасында кәсіпорын жылына шамамен 900 миллион үнемдейді. Өйткені, дезинфекциялаудың балама әдістері: ультракүлгін немесе кері осмос айтарлықтай шығындарды қажет етеді.

Қолданылатын технологиялардың және  мыңдаған отырғызылған көшеттердің арқасында «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС экологиялық жағдайды жақсартуға айтарлықтай үлес қосты.

Айта кетейік, кәсіпорын ескірген су құбыры мен кәріз желілерін қайта құрудың заманауи әдістерін белсенді қолданады. Бүгінгі таңда су бұру желілерін жаңарту үшін көлденең бағытталған бұрғылау және санация қондырғылары кеңінен қолданылады.

«Smart – маман» оқу орталығы әріптестерінің ерекше қызығушылығын тудырды, оларды шетелдік компаниялардың өкілдері ерекше қызықтырды, өйткені олар Қазақстанда жұмыс істеген жағдайда сумен жабдықтау және су бұру саласының қызметкерлерін ауқымды оқытуды, олардың біліктілігін арттыруды жоспарлап отыр. 

Кәсіпорын нысандарына келген қонақтар «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС қызметіне жоғары баға берді, Aqualia компаниясының Кавказ өңірі мен Орталық Азиядағы бизнесті дамыту жөніндегі директоры Иракли Бабухадия «Су ресурстары-Маркетинг»  ЖШС-гі  Еуропалық су арналарымен сәтті бәсекелесе алады деп есептейді.      

«Су ресурстары-Маркетинг»,
Қазақстан Республикасы,
160013, Шымкент қаласы,
Ғ.Орманов көшесі, 17
Хат жазу
Орталық диспетчерлік қызмет: 321-274, 323-574
Жедел желі: 321-275
Тұрғындардың су балансы инспекциясы: 321-180
Коммутатор: 321-247; 321-272 қосымша бөлімнің ішкі нөмірі
Факс: 322-544
Телефон коды: 8 (7252)
Қабылдау: 31-11-94, 32-60-09, 31-11-95
Facebook: Су ресурстары-Маркетинг
whatsapp: 8-708-110-21-21
Telegram чат бот: wrm_bot
жаңа технологиялар мен инвестициялар Жаңа технологиялар Инвестициялар Біздің техника
© Барлық құқықтары «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не қарасты
Дизайн және әзірлеу ТОО "LiO Programs" 2023
    
жоғары